Алматыдағы Қ.Сатпаев атындағы политехникалық зерттеу университетінде еліміздегі ең ірі IT-инкубатор — nFactorial School «Шеврон» компаниясымен серіктесе отырып, отандық жас таланттардың 10 апта ішінде 100-ден астам бірегей веб-қосымша жасап шығарған Demo Day — жазғы бағдарламалау нәтижесін салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Бағдарламаның мақсаты – IT қызметтерін экспорттау және Қазақстанда жасалған бағдарламалық жасақтаманы сату арқылы ел экономикасына 1 миллиард АҚШ долларын әкелетін 10 000 кәсіби әзірлеушіні даярлау. Demo Day бағдарламасын жүзеге асыру барысында қазылар алқасы қазақстандық және халықаралық техникалық университеттер мен мектептердің дарынды жігіттері мен қыздары әзірлеген 23 үздік веб-қосымшаны ұсынады. Салтанатты жиында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық бағдарламашы өздері ойлап тапқан 100-ге тарта қосымшаларын көпшілік назарына ұсынды. Әр қосымша бүгінгі күні қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Қолыңызда смартфон болса, QR-код арқылы өзіңізді қызықтырған қосымшаның жұмысымен бірден таныса аласыз. Жиынның ашылуында сөз алған nFactorial School бағдарламасының негізін қалаушы Арман Сүлейменовтың айтуынша, елімізде білімді де дарынды жастар өте көп. Биыл 4100-ден астам сауалнамадан іріктеуден өткен 100 + nFactorial Incubator қатысушыларын 15 үздік қазақстандық және халықаралық IT жоғары оқу орындары мен 9 мектеп ұсыныпты. Оларға қолдау көрсету арқылы еліміздегі IT саланы биік деңгейге көтеруге болады. Салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған Ғылым және жоғары білім министрі саясат Нұрбек жастарға арналған бағдарламаның болашағы зор екенін ерекше атап өтті.
Ол: «Бүгінде министрлік тарапынан да IT жобаларға жоғары деңгейде қолдау көрсетілді. Бүгінде жасанды интеллект дәуірі адамның ажырамас бір бөлігіне айналды. Талантты жастардың білімге құштарлығы, стартап жобаларға ықыласпен қатысуы қуантады. Еліміз цифрландыру технологиясының нәтижесін көре бастады. Сондықтан осындай бастамалардың өз нәтижесін беріп жатқанына алғыс білдіремін», – деді.
«Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сағымбайқызы қатысушыларға сәттілік тілеп, компанияның әлеуметтік жобаларға демеушілік ететінін айтты. Ол:«Осындай ауқымды шараның бір бөлігі болу, біз үшін үлкен мәртебе. «Шеврон» компаниясы 1993 жылы Қазақстанға келген алғашқы халықаралық инвестор. Осы жылдар арасында біздің компаниямыздың әлеуметтік инвестициялары елдің адами капиталын дамытуда шешуші рөл атқарды. Компания бұл жобаға екінші жыл қатарынан қолдау көрсетіп отыр. Жастардың өз жобалары мен қосымшаларын жасауға, оларды дамытуға ұйытқы болғанымыз үшін қуаныштымыз. Еліміз IT саласында үлкен жетістіктерге қол жеткізеді деген ойдамын»,-деді. «nFactorial бағдарламасының миссиясы — ақпараттық технологиялар саласында Қазақстанның адам капиталын дамыту. Біздің мақсатымыз – 10 000 программист дайындау, олар елдің экономикасына 1 млрд АҚШ долларынан астам пайда әкеледі. Орта Азияда IT саласында кәсіби кадрларды дайындайтын және өңірде IT-аутсорсинг бойынша ең ірі орталықты құру», – деп атап өтті бағдарлама ұйымдастырушысы Алмас Тұяқбаев. Жобаға өз бағдарламаларын ұсынған дарынды жастардың өз айтары бар.
Сағын Жұмаділдаев, Алматы қаласынан қатысушы:
« Бұл жоба жайлы биыл қаңтар айында білдім. Мамыр айында жобаға қатысуға өтініш білдіріп, жауабын күтіп жүрдім. Жазғы IT мектебіне қатысушы болғанымды естігенде қатты қуандым. Алғашқы үш апта бізде лекциялар мен семинарлар болды. Одан кейін нақта бағдарламаларымызды дамыту бойынша жұмыс жасадық. Менің жобам саяхатты ұнататын жандарға арналады. Әлемнің кез келген нүктесін басып, өзіңізді қызықтырған мемлекет жайлы, ондағы демалыс орындары мен бағалары жайлы толық мәлімет ала аласыз. Әзірге жобам ағылшын тілінде, алдағы уақытта қазақ тілі мен орыс тіліндегі мәліметтерді енгізбекпін».
Гауһар Асанбай, Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы:
«Менің жобам айтыс пен домбыраны ұнататын аудиторияға арналады. Бұл жобаға дейін веб сайттармен жұмыс істемеген едім. Жазғы мектепке қатысқаннан кейін, өзімді қызықтырған дүниенің веб нұсқасын жасап көруге бекіндім. Жобамды жасауға екі айдан астам уақыт кетті. Алғашқы ай версияны жасауға жұмсалса, екнші ай жасанды интеллекті дамытуға жұмсалды. Бұл жобаға алғысым шексіз. Тың дүниелерді үйрендім, жаңа достар таптым». Көрмеде 100-ден астам бағдарлама көрсетілді. Әсіресе, тарих, өнер, музыка, жол жүру ережесі, қаржы саласы, сондай-ақ танымдық қосымшалар көпшілікке ұсынылды. Жиын соңында ұйымдастырушылар бекіткен әділқазылар шешімімен ең үздік 21 жоба анықталды.
PS. Тағы бір айта кетерлік жағымды жаңалық, еліміз үшін әлемдегі маңдай алды деген университтетердің филиялдары ашылып жатыр. Құтықтау сөзден кейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қысқаша таныстырып өтті. Бұл да өз кезегінде, білімді жастардың көбейуіне Қазақстанда аз, тіптен жоқ мамандық иелерінің көптеп шығуына себеп болмақ. Атап айтқанда 2023 жылы HERIOT WATT (Британия) электроэнергетика, компютерлық энергетика, нефто инжинерия, энерого менеджмент ашылса (Ақтөбе қаласы), Семей қаласында Полшаның WSG UNIVERSITY филалын ашып, мехотроника (ағылшын тілінде), менеджменттік спорт мамандықтары ашылды. Ақтау қаласында KAZAKHSTAN –GERMAN CONSORTIUM (Германия) филалы ашылып, элоктроэнергетика, инжинерия, логистика және трасспорт мамандықтарына студенттерді оқытуды бастады. 2024жылы да 5 қалада басқа да қажетті мамандықтарға жол ашылмақшы. Әлемнің жетекші университтрінің филиалдарын еліміздің болашағына зор даму қосады деп сенеміз.
Аида Қожмамбетова