Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сейфуллин Жолбарыстың жары бұрынғы әйелінен кешірім сұрады

фото: Instagram/kat_azalaniss

Сейфуллин Жолбарыстың жары бұрынғы әйелінен кешірім сұрады

20.12.2023
Жаңалықтар
196
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыстың әйелі Екатерина алғаш рет отбасылық өмірі жайлы сұхбат беріп, күйеуімен қалай табысқанын айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Менің өмірім” бағдарламасына сілтеме жасап.

Сейфуллин Жолбарыс Екатеринамен алғаш танысқан кезде бірінші әйелімен әлі заңды түрде ажыраспаған еді. Бұл жайтты білген кезде Екатерина онымен таныстықты тоқтатқысы келген.

Бірақ әнші келіншегімен қарым-қатынасы оған дейін бұзылғанын айтып, некесінің сәтсіз аяқталуына оның еш қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Біз танысқанда ол кісі бұрынғы отбасымен ажыраспаған еді. Маған сезімін білдірген кезде: “Сіздің отбасыңыз бар. Болмайды, ұят болады. Мен сіздің әйеліңіз бен балаларды біле тұра, аттап кете алмаймын” дедім. Бірақ ол кісі сол кезде-ақ “біздің отбасымыз шегіне келіп қалды, мен ол кісімен бәрібір ажырасамын, сен болмасаң да сенің орныңда басқа біреу болады” деді. Бұл ешкімге ұнамайтын жағымсыз жағы ғой. Өмір болған соң бәрі болады. “Ол кісімен тіл табыса алмадым. Оның іздегені басқа әлем, менікі басқа” деді. Онсыз да ажырасайын деп жүрген адамдар болған. Менің оған еш қатысым жоқ. Содан кейін бұл тақырыпты қозғамадық. Өйткені Сейфуллиннің айтқысы келмейтін тақырыптың бірі” , – деді Екатерина “Менің өмірім” бағдарламасында.

Сонымен қатар Екатерина Сейфуллин Жолбарыстың бірінші әйелінен кешірім сұрады.

“Бұрынғы жұбайымен бетпе-бет кездестік. Бірақ ашылып сөйлесе алмадық. Сейфуллин екеумізге қатты ренжігенін айтты. Кім болса да, осылай ренжитін еді. Осы сәтті пайдаланып кешірім сұрағым келеді, мен әдейі немесе қасақана жасаған жоқпын. Отбасының ажырауына менің қатысым жоқ. Үлкен қызы менімен араласпайды. Ұлы біздің қолда тұрады. Сахнаға шығып бірге ән айтып жүр” , – деді Екатерина.

Тег: Екатерина ЖолбарысСейфуллин Жолбарыс

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Karabatan Utility Solutions” пен “Теңізшевройлға” 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

"Karabatan Utility Solutions" пен "Теңізшевройлға" 10,7 млрд теңге айыппұл салынды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz