Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Сенгеніме өкінем”: Нұрлан Өнербаев тұңғыш президент Назарбаевпен болған жайтты еске алды (видео)

фото: видеодан үзінді

“Сенгеніме өкінем”: Нұрлан Өнербаев тұңғыш президент Назарбаевпен болған жайтты еске алды (видео)

19.12.2023
Жаңалықтар
131
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

19.06.2025
Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

19.06.2025

Қазақ эстрада әншісі Нұрлан Өнербаев бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кештерін жүргізгенін айтты. Ол “Білген дұрыс” бағдарламасында қонақ болып, Назарбаев жайлы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz.

“Мен ол кісінің кештерінде өнерпаз ретінде болдым. Өнерімді бағалады. Ол кезде мемлекеттік шараларды жүргізу, президенттер қатысатын кештердің бәріне көбіне мен қатысып жүрдім. Мені шақыратын. Тіпті концертпен алыста жүрсем де, тауып алып, шақыртатын. Туған күндерін, мерейтойларын жүргіздім. Бас тартпаймын. Жанында жүрдім”, – деді өнер иесі.

Бұған қоса Өнербаев бүгінгі таңда бұрынғы президентке деген көзқарасының өзгергенін айтты.

“Әрине, менің де көзқарасым бар. Менің де көңілім толмайтын тұстар бар. Отбасына қатысты жұрт айтып жүрген әңгіменің жүз пайызы болмаса да, 80-90 пайызы рас екеніне менің де көзім жетеді. Сол ортада жүргенде, кеш басқарып жүргенде менің көңілім адал болды. Сол кісілердің, сол ортаның ел мүддесі үшін жұмыс істеп жүргеніне сендім. Өйткені, менде басқа мәліметі болған жоқ. Бәрі қазір ашылып жатыр ғой.

Сондықтан сол кезде сол ортада алданып жүргеніме өкінемін. Жамандағым келмейді. Соншалықты сендім. Жанында жүрдім. Барлық шараларына қатыстым.Тіпті көп шарасына қатыстым”, – деді жан сырын ақтарған Нұрлан Өнербаев.

Тег: Басты жаңалықтарБілген дұрысНұрлан ӨнербаевНұрсұлтан Назарбаев

Ұқсас материалдар

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

Еліміздің қай өңірлерінде баға өсімі жеделдеді?

19.06.2025

Қазақстанда мамыр айында жылдық инфляция 11,3%-ға жетіп, алдыңғы аймен (сәуір — 10,7%) салыстырғанда қайта жеделдеді. Бұл туралы Ұлттық банк ресми...

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

19.06.2025

2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша елімізде 2 млн 481 мың зейнеткер бар. Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн...

Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

19.06.2025

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев жеке меншік мектептердің жаппай жабылатыны туралы қоғамда тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қалаларды 5G технологиясымен қамту қандай дәрежеде жүзеге асып жатыр?

Қалаларды 5G технологиясымен қамту қандай дәрежеде жүзеге асып жатыр?

19.06.2025

Мәжілістің жалпы отырысында 2024 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебі қаралды. ҚР Қаржы министрі Мәди Такиев үш ірі ұлттық...

Келесі
Елімізде кәсіпкерлерге қойылатын мыңға жуық талап алынып тасталмақ

Елімізде кәсіпкерлерге қойылатын мыңға жуық талап алынып тасталмақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz