Шымкентте қала пәтерлерінің бірінен 28 жастағы тұрғынның денесі табылды. Полиция күдіктінің ұсталғанын айтты. Ол марқұмның туған әкесі болып шықты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
1 желтоқсанда Шымкенттегі көпқабатты үйлердің бірінде қатыгездікпен кісі өлтіру орын алды. Кешке үйге келген анасы 28 жастағы ұлын мойын аймағында көптеген пышақ жарақаттарымен тапты. Марқұмның жан-жағы қанға бөгіп қалған. Көп ұзамай күдікті ұсталды. Әкесінің ұлын не себепті өлтіргені туралы хабарланбайды.
Көршілер өлген азамат туралы жылы естеліктерін айтты. Олардың сөзінше, жігіт ешкіммен жанжалдаспайтын болған, ал оның әкесі психикалық аурумен есепте тұрған.
Қазір күдікті тергеу изоляторында. Оған кісі өлтірді деген айып тағылған.