Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Шымкентте парамен ұсталған полиция қызметкерлері наразылық білдірді

фото: ашық дереккөз

Шымкентте парамен ұсталған полиция қызметкерлері наразылық білдірді

11.01.2024
Жаңалықтар
80
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Шымкентте бір топ полиция қызметкерлері наразылыққа шықты. Сөздерінше олар командирлеріне ақшаны қайғылы оқиға мен өлім-жітімге деп жинаған. Алайда антикор мен прокуратура оларды пара берді деп жаппай жұмыстан шығарған, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі  КТК арнасына сілтеме жасап .

Шаһардағы екі бірдей ротаның қызметкерлері тергеудің әділ жүрмегеніне сенімді.

“Бізде Серік дегеннің әкесі қайтыс болды. Оған ақша бергем. Одан кейін Сайрамдағы, балалар үйіне ақша жинағанбыз. Оған да бергем. Иә, одан бөлек, қолма-қол ақша да бергем. 4-ші ротаның қызметкерлері осы жерде тұр. Әлімханов Қайрат дегеннің баласы қайтыс болған. Оған да ақша жинадық, үлкен сомада. Одан кейін өзі де жол апатына түскен соң, әжептәуір ақша бергенбіз”, – деді ЖПП бұрынғы инспекторы Оразәлі Алтаев.

Бірақ антикор мен прокуратура екі ротаның командирі мен 95 қызметкеріне жүргізілген тексеріс кезінде ақшаның өлім-жітімге емес, жүйелі түрде пара ретінде жиналғаны дәлелденгенін жеткізген. Нәтижесінде қос командир 7 жылға бас бостандығынан айырылған. Ал 44 қызметкер жұмыстан қуылған. Олар қысым көрген соң амалсыз пара деп мойындағандарын айтады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Әр кезекшілікке түскен кезде 5 мың теңгеден жиналған. Рота командиріне кезекшілікке түскені үшін. Өздерінің ішкі тәртіптері солай, заңсыз жинаған соң сотты боп отыр ғой. 2-3 күнге демалысқа шыққан кезде, әр демалысқа шыққаны үшін рота командирі 2 мың теңгеден жинап отырған. Ал айына командирский дегенге 10 мың теңге өткізген. Сөйтіп міндеттелген”, – деді Шымкент прокуратурасы басқарма прокурорының орынбасары Адай Құтымов.

Тег: Антикорпара алуполицияшымкент

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Қызым” деп айтпаймын: Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы жайлы айтты (видео)

"Қызым" деп айтпаймын: Жеңіс Ысқақова келінімен қарым-қатынасы жайлы айтты (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz