Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Шымкентте жүзге жуық отбасы далада қалмақ (видео)

фото: almaty.tv

Шымкентте жүзге жуық отбасы далада қалмақ (видео)

28.12.2023
Жаңалықтар
158
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Шымкенттегі Асар шағынауданындағы халық қаланың жаңа бас жоспары бойынша үйлерінің қызыл сызыққа енгенін бір апта бұрын білген, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Жиналған жұрт Шымкенттегі Алмас көшесінен 7 жыл бұрын жер телімін сатып алған. Содан бері ұзындығы 3 шақырымды алып жатқан көшеде 200-ден астам үй бой көтерген. Тұрғындардың жартысында құжат болса, қалғаны енді көшіп келіп, рәсімдеуге кіріскен.

“Басында тексерген кезде жерге тұрғын үй салуға болатынын айтқан. “Үш жыл ішінде құжаттарды жасап аласыздар” деген. Су, электр жарығын тұрғындар айқай-шумен қойдырды. Бар мәселе шешілді дегенде бір апта бұрын осы жаңалықты білдік”, – деді қала тұрғыны Дәуренбек Абылаев.

Далада қалатын болдық деп шулаған бұқарамен кездесуге әкімдік өкілдері келген. Қаланың үлкейгенін айтқан басқарма басшысы кептелісті азайтатын үлкен жол керек екенін айтты. Жол осы Алмас көшесінен түспек.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“2012 жылы 20 метр көше салу жоспарға енген. Қазір қала өсті. Ол кездегі бас жоспар 680 мың адамға арналса, қазір бас жоспар 2 млн тұрғынды есепке алып отыр. Сондықтан көлік кептелісін азайту мақсатында қалалық жол инфраструктурасы қарастырылды. Қаланың негізгі көшелері 3 айналма жолдан тұратын болады. Қазіргі Алмас көшесі – соның бір бөлшегі”, – деді Сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрбол Жүнісбеков.

Тұрғындармен кездесуге қала әкімі де келді. Ол мәселенің шешілетінін айтты. Жергілікті билік көшеге түсіп тұрған қызыл сызықты алып тастайтын болды.

Тег: отбасытұрғынүйшымкент

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім”: Дильназ Ахмадиева өміріндегі қиын кезеңін еске алды (видео)

"Біраз уақыт бала көтере алмай жүрдім": Дильназ Ахмадиева өміріндегі қиын кезеңін еске алды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz