Мәскеу соты “Слово пацана. Кровь на асфальте” сериалында эпизодтық рольде ойнаған актер Сергей Базановты кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
БАҚ мәліметі бойынша, Базанов кірген қылмыстық топ кәсіпкер Забиевке шабуыл жасап, одан ішінде 900 мың доллар бар сөмкені тартып алмақшы болған. Бірақ кәсіпкер қарсылық көрсеткен. Шабуылдаушылар оның басынан мылтықпен жаралап, ақшаны ұрлап, қашып кеткен.