Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Соңғы 5 жылда спортты дамыту бағытында қандай ауқымды шаралар атқарылды?

фото: pixabay.com

Соңғы 5 жылда спортты дамыту бағытында қандай ауқымды шаралар атқарылды?

23.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Қазақстанда 2019-2024 жылдар аралығында спортты дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің мәліметіне сәйкес, жаттықтырушы-оқытушылардың, педагог қызметкерлерінің базалық жалақысы 2020 жылдан бастап 4 жыл ішінде жыл сайын 100%-ға өсті. Олардың қатарында балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің қызметкерлері бар.

«Бұл игілікті істер ҚР Президентінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын орындау мақсатында жүзеге асуда. Азаматтық қызметшілердің, оның ішінде жаттықтырушы (спортты дамыту дирекциясы, жоғары спорт шеберлігі мектебі, олимпиада резервін даярлау орталығы) қызметкерлер үшін 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін жыл сайын лауазымдық жалақының мөлшеріне түзету коэффициенті 1-ден 2-ге дейін өсуде. Биыл аталған коэффициент 1,71 құрайды. Спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушыларын азаматтық қызметкерлер реестріне енгізілді. Бұл өзгеріс нәтижесінде олардың біліктілігіне байланысты 6 мыңнан 22 мың теңгеге дейін үстемақы төленеді», – деп атап өтті ведомстводан.

Ведомство мәліметі бойынша, дене шынықтыру және спорт саласында кәсіптер бойынша кәсіби стандарттар бекітілді, Атап айтқанда, олардың қатарында «Спорт секцияларында жаттығулар мен оқытуды ұйымдастыру», «Спорт объектілеріне қызмет көрсету және пайдалану» және «Спорт және фитнес клубтарына (ұйымдарына) басшылық ету», «Жаттықтырушы», «Жаттықтырушы-оқытушы», «Спорт төрешісі», «Бокстан жаттықтырушы», «Спортшы», «Дене шынықтыру әдіскері», «Нұсқаушы-спортшы» және «Дене тәрбиесінің жетекшісі» деген кәсіби стандарттар бар.

«Айта кетерлігі, 5, 6 және 7 сынып оқушыларына дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерге түсу кезінде спорттық атақтың болуына қойылатын талаптар алынып тасталды. Балалар жасөспірімдер спорт мектебінің саны 2019 жылы 476 болса, ол биыл 510-ға дейін ұлғайтылды. 2020 жылы ҚР Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Оған қоса, ҚР Дене шынықтыру мен спорт саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Төрт жыл бұрын Астана қаласында Жеңіл атлетика спорт кешені пайдалануға берілді. Спорт кешені IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығы тарапынан сертификатқа ие болды. Бұл елордада ең жоғары деңгейдегі жарыстарды (Әлем, Азия чемпионаты және т.б.) өткізуге, сапалы жаттықтырушылар құрамы мен спортшыларды дайындауға мүмкіндік береді. Былтыр Алматы облысында олимпиадалық даярлық базасы ел игілігіне айналды. Нысанда бір мезетте 2300 адам спорттың 23 түрімен айналыса алады. Сондай-ақ биыл Атырау облысында мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі ашылды», – деп толықтырды ведомстводан.

 

Тег: іс-шараларспортспортты дамыту

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қандай жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандырылған ЖКО кінәлі адамнан залалды өтеуді талап ете алады?

Қандай жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандырылған ЖКО кінәлі адамнан залалды өтеуді талап ете алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz