Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Сотқа қатысқаны үшін алқабилерге қанша ақы төленеді?

фото: pixabay.com

Сотқа қатысқаны үшін алқабилерге қанша ақы төленеді?

27.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
61
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алқаби ретінде 25 жастан асқан кез келген қазақстандықтық сотқа шақырылуы мүмкін. Бұл ретте оған күніне шамамен 18 мың теңге төленеді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

“Алқабилер туралы” заңға сәйкес, 25 жастан асқан кез келген қазақстандық сотқа алқаби ретінде қатысуға шақырылуы мүмкін. Мұндай шақыртуды елеусіз қалдыруға болмайды – бұл үшін Әкімшілік кодекстің 655-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2024 жылы 36 920 теңге) айыппұл салынады.

Сол себепті сотқа шақырған кезде баруға тура келеді. Алайда қазақстандықтардың қатысудан бас тартуға мүмкіндігі бар. Алқабилер туралы заңның 10-бабының 3-тармағына сәйкес олар мыналар:

Сізге ұнауы мүмкін

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025
Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025
  • егер азамат сот талқылауы өтетін тілді білмесе;
  • егер азамат өзінің дене немесе психикалық кемістігіне байланысты міндеттерін орындай алмаса;
  • егер азамат алпыс бес жастан асқан болса;
  • егер азамат дін қызметкері болса.

Бұдан бөлек, “Казахстан подешевле” Telegram-арнасының авторлары атап өткендей, 3 жасқа дейінгі балалары бар алқаби әйел мен діни сенімдері бойынша сотқа қатыса алмаймын деп есептейтін адамдар міндеттерінен босатылуы мүмкін. Сонымен қатар дәрігерлер, мұғалімдер, әуе компанияларының ұшқыштары және жұмыстан алшақтауы қоғамдық және мемлекеттік мүдделерге зиян тигізуі мүмкін басқа тұлғалар да босатылуы ықтимал.

Дегенмен алқабилердің қызметі волонтерлікке жатпайды және сотқа қатысқан әрбір күнге ақы төленеді. Алқабилер аудандық судьяның жарты жалақысын алады – күніне шамамен 18 000 теңге.

Сонымен қатар, алқабилерге қылмыстық іс қаралатын жерге баруға қажет іссапар шығыстары өтеледі. Бұл ретте алқабилердің жұмыс орны, лауазымы сақталады және еңбек өтілі ескеріледі. Оларды жұмыстан шығаруға немесе төмен жалақы алатын лауазымға ауыстыруға болмайды.

Сондай-ақ тіпті жұмыссыз және жоғары білімі жоқ тұлғалар да сотқа алқаби ретінде қатысуға шақырылуы мүмкін екенін атап өткен жөн. Алайда сотқа барлық қазақстандық бірдей жіберілмейді. Кімдерге алқаби болуға болмайды:

  • соттылығы бар адамдар;
  • психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бойынша медицина ұйымдарында есепте тұрған тұлғалар;
  • судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар;
  • мемлекеттік қызметшілер; әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері.

Айта кеткен жөн, қазақстандықтар алқабилер ретінде жиі шақырыла бастады. Мысалы, олардың қатысуымен соңғы атышулы іс экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп, ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Тег: ақшаалқабиҚуандық Бишімбаевсот

Ұқсас материалдар

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

Елімізде АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар қалай реттеледі?

08.07.2025

Атом энергетикасы тақырыбына қатысты сұрақтар қоғамда үлкен қызығушылық пен алаңдаушылық тудырады. Әсіресе атом электр стансасынан (АЭС) шығатын радиоактивті қалдықтардың қауіпсіз...

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

Салық төленбесе қандай кері салдары болады?

08.07.2025

Қазақстанда салық міндеттемелерін орындамаудың салдары ауыр болуы мүмкін. Уақытында төленбеген салық үшін өсімпұл есептеледі, банк шоты бұғатталып, тіпті қылмыстық жауапкершілікке...

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

Қазақстанда домбыраға қойылған қандай ескерткіштер бар?

08.07.2025

Ұлттық домбыра күні – қазақ халқының төл өнерін ұлықтайтын ерекше мереке. 2018 жылдан бері шілденің алғашқы жексенбісі Қазақстанда ресми түрде...

Келесі
Елімізде жүктіліктің қанша пайызы жоспарлы түрде болады?

Елімізде жүктіліктің қанша пайызы жоспарлы түрде болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz