Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Студенттерге арналған стипендия мөлшері артады ма?

фото: pixabay.com

Студенттерге арналған стипендия мөлшері артады ма?

30.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
2
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында Олжас Бектенов мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемесі толығымен орындалып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Мемлекеттік бюджеттің жартысынан көбі әлеуметтік салаға (52,8%) бағытталған. Жыл сайын ең төменгі және базалық зейнетақы, сондай-ақ жалақы мөлшері өсіп келеді. Колледж студенттеріне берілетін стипендия мөлшері 50%-ға, бакалавриатқа 20%-ға, магистратура мен докторантураға 15%-ға артты. 1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің стипендиясы өседі (15-50% шегінде).

1 млн 700 мың мектеп оқушысын, сондай-ақ бала-бақшадағы 100 мыңға жуық баланы тегін тамақтандыруды мемлекет толықтай өз мойнына алды. Оған бюджеттен 179 млрд теңге бөлінді. Биыл 1-сыныпқа 352 мың бала барады. Оқушы орындарының тапшылығын жою үшін 302 мектептің құрылысы жүргізілуде, 70 мектептің құрылысы аяқталды. Сонымен қатар зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін әлеуметтік төлем енгізілді. Бүгінде 1,7 млрд теңге көлемінде аталған әлеуметтік көмекті 9 мыңнан астам жұмысшы алды, – деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар, Үкімет басшысы өткен жылы Отбасының цифрлық картасы іске қосылғанын атап өтті. Онда әрбір қазақстандық отбасы туралы, яғни 6 млн 300 мың отбасы туралы ақпарат бар. Барлық отбасы әл-ауқат деңгейіне байланысты 5 санатқа бөлінген. Жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, микронесие беру, субсидиялау, медициналық сақтандыру жүйесіне тарту арқылы қиын жағдайдағы отбасылар санын қысқартудың нақты тетігі әзірленді.

– Әр отбасымен жеке жұмыс қазір әр қала, аудан орталығы және ауыл деңгейінде жүргізілуде. Барлық әкімдерге тиісті тапсырмалар беріліп, көрсеткіштер бекітілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғасып жатыр. Биыл 102 нысанның құрылысы аяқталды. Жоспарланған 655 нысанды пайдалануға беру 4 млн-нан астам ауыл тұрғынын сапалы медициналық көмекпен қамтуға мүмкіндік береді, – деді Премьер-Министр.

Тег: ЖООстипендиястудентуниверситет

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Еліміздің қанша мектебіне ауқымды жөндеу жұмыстары қажет?

Еліміздің қанша мектебіне ауқымды жөндеу жұмыстары қажет?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz