Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Талғарда соққыға жығылған дәрігерлердің жағдайы белгілі болды

Талғарда соққыға жығылған дәрігерлердің жағдайы белгілі болды

24.09.2023
Жаңалықтар
18
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Талғарда соққыға жығылған медицина қызметкерлерінің жағдайы белгілі болды, – деп хабарлайды Kaskelen.kz

Талғарда марқұмның туыстары соққыға жыққан медицина мамандары есін жиды. Cол күні алған ауыр соққыдан жарақаты әлі де жазыла қоймаған. Миы шайқалып, бір көзі көрмей қалған азаматтың өміріне қауіп төнген күн толық есінде жоқ.


“Әлі де жағдайым ауыр, басым ауырады. Көзім мазалайды. Тұру да қиын болып тұр. Есімде қалғаны, әуелі басымнан ұрды, мен жығылғанда басымнан теуіп жатқан. Қалғаны есімде жоқ”, – дейді зардап шеккен дәрігер Нұрдәулет Евадилла.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Талғар аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ғалымжан Есенәлиевтің айтуынша, жағдайдан зардап шеккен екінші дәрігерге ота жасау керек.

“Екінші әріптеске келесі аптада мұрнына ота жасау керек. Бет-жақ сүйектерін тексеріп, сосын ота туралы шешім қабылдаймыз”, – деді Ғалымжан Есенәлиев.

Соңғы кезде медицина мамандарына қатысты мұндай жағдайлар жиілеп кеткен соң, мәселе Мәжілісте талқыға түсті. Депутаттар “ақ халаттылардың құқығы жоғары деңгейде қорғалуы тиіс” дейді.

“Күнделікті жұмыс барысында медицина қызметкерлері дөрекілікке тап болып, балағат сөздер естіп жатады. Ол аздай, науқастың жақындарынан таяқ жейді. Алматы облысында ғана бір жылда 12 жедел жәрдем қызметкеріне шабуыл жасаған. Бұл бізге белгілісі ғана. Кейбір қызметкерлер айта алмайды, қиналып жұмыстан шығып кетеді”, – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлдар Нұрымова.

Еске салайық, таяқ жеген реанимациялық дәрігер 27 жаста. 21 жастағы дәрігерде жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, сол жақта самай аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы, мұрын сүйектерінің сынуы диагнозы қойылған.

Бұған дейін полиция қызметкерлері медицина қызметкерлерін соққыға жыққан екі күдіктіні ұстағаны хабарланған болатын.

Тег: Дәрігерталғар

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
«Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алады»: Тоқаев

«Әділетті Қазақстанды еңбекқор, адал азаматтар ғана құра алады»: Тоқаев

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz