Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Toyota өз тұтынушыларына 50 мың көлігінің қауіпті екенін хабарлады

фото: depositphotos.com

Toyota өз тұтынушыларына 50 мың көлігінің қауіпті екенін хабарлады

30.01.2024
Жаңалықтар
229
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Toyota компаниясы көлік иелерін дереу 50 мың көлікті айдаудан бас тартуды сұрады. Дәлірек айтқанда ескі Toyota Corolla және RAV4 көліктерінің қауіпті екені айтылды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

CBS News хабарлауынша, жапониялық Toyota концерні 50 мың автокөлік иесіне ресми ескерту жасады. Көлік жүргізушілерге көлік айдауды дереу тоқтатып, қауіпсіздік жастығы мәселесін шешу керек екенін айтты. Компания техникалық ақауды жөндеу үшін көліктерді қайтаратынын хабарлады.

2003-2004 жылдардағы Toyota Corolla, 2003-2004 жылдардағы Corolla Matrix және 2004-2005 жылдардағы RAV4 көліктерінің қауіпсіздік жастығында үлкен мәселе бар екені анықталды. Компанияның бағалауы бойынша, әлемде 20 жыл бұрын шыққан көлікті он мыңдаған жүргізуші айдап жүр. Бұл көліктерде қауіпсіздік жастығының жұмыс істеу мерзімі аяқталды. Жастықтар кез-келген уақытта жарылып, жүргізуші мен жолаушыға үлкен зиян келтіруі мүмкін екен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Біз мерзімі өткен бөліктерін тегін ауыстырып бермейінше, жүргізушілер бұл көліктерді айдамағаны абзал”, – делінген компания мәлімдемесінде.

Осы үлгідегі көлігі бар жүргізушілерге ескірген қауіпсіздік жастығын жедел ауыстыру үшін жергілікті Toyota дилерімен байланысу ұсынылды. Бір ай бұрын Toyota қауіпсіздік жастығы проблемасына байланысты Америка құрама штаттарының өзінде миллионға жуық автокөлікті қайтарған еді.

2009 жылдан бері Toyota көліктеріндегі қауіпсіздік жастығындағы ақауға байланысты АҚШ-та 26 адам және басқа елдерде 30 адам қаза тапты. 400-ге жуық тұрғын жарақат алды.

Тег: toyotaавтокөлікқауіп

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде запастағы офицерлер екі жылдық әскери қызметке шақырылады

Елімізде запастағы офицерлер екі жылдық әскери қызметке шақырылады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz