Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Түлектер көбінесе қандай мамандықты таңдайды?

фото: pixabay.com

Түлектер көбінесе қандай мамандықты таңдайды?

30.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда жоғары оқу орнында білім алу үшін 112 мың грант, соның ішінде бакалавриатқа 79 мыңға жуық грант бөлінді (былтырғы жылмен салыстырғанда 5 мыңға көп). Бұл жайында Қоғамдық саясат институтының шолуында айтылады, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Білім грантын тағайындау конкурсына құжат 24 шілдеге дейін қабылданды. Биыл 186 мың түлек мектеп бітірген болса, оқу грантына 103 мыңға жуық өтініш түсті. Бұл өткен жылмен салыстарғанда 9 мыңға артық.

Құжат қабылдаудың аралық қорытындысы бойынша өтініш саны көп түскен ТОП-15 білім бағдарламасы:

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025
  • Ақпараттық технологиялар — 11752;
  • Денешынықтыру мұғалімдерін даярлау — 5463;
  • Шет тілі мұғалімдерін даярлау — 4707;
  • Медицина — 4023;
  • Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс — 2705;
  • Сәулет — 2528;
  • Электр техникасы және энергетика — 2406;
  • Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау — 2377;
  • Психология — 2351;
  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар — 2292;
  • Аударма ісі — 2151;
  • Менеджмент және басқару — 2084;
  • Электр техникасы және автоматтандыру — 1874;
  • Туризм — 1718;
  • Құқық — 1697.

Дене шынықтыру және шет тілі мұғалімі — ең сұранысқа ие мамандықтың бірі болып қала бермек.

Былтыр дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауға — 5377, шет тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламасына — 3862 өтініш түскен.

Жалпы конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.

2024 жылы алғаш рет сараланған гранттар енгізілді. Яғни, ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары көрсеткіш көрсетіп, алайда грантқа ілінбеген талапкердің оқу ақысының 50% мемлекет бюджетінен төленіп, толық стипендия алу мүмкіндігі де бар.

«Педагогикалық ғылымдар» және «Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат» оқу бағдарламалары бойынша 300 сараланған грант бөлінді.

Мемлекеттік гранттан бөлек әр өңір жоғары білімді қолжетімді ету және еңбек нарығына қажетті білікті маманды даярлау мақсатында жергілікті бюджет есебінен «әкім гранттарын» да бөледі.

«Серпін» бағдарламасы да грантпен білім алуға мүмкіндік береді. Бағдарлама тек ауыл түлектеріне арналған, биыл 3903 грант бөлінді.

«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры бакалавриат бағдарламасы бойынша талапкерлерге 850 грант бөлді.

Сондай-ақ, әскери борышын өтеген азаматтар да грант негізінде еліміздің 42 ЖОО білім ала алады.

Талапкерлер грантқа түспеген жағдайда ақылы оқуға мүмкіндік бар.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше Қазақстанда 120 ЖОО бар.

Ұлттық университеттерде, мәселен, «Педагогика» мамандығы бойынша 1 жылдық оқу ақысы 1 миллион теңгеден асады, ал өңірлік ЖОО дәл осы мамандықты 500-600 мың тг дейін оқуға болады.

Жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде шетелдік ЖОО филиалдарын ашылуда. Қазіргі таңда елімізде 15 шетелдік ЖОО филиалы іске қосылды.

Бұған қоса, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі С. Нұрбек 2024 жылғы 24 шілдеде өткен онлайн-брифингте жоғары білімді қолжетімді қылу үшін пайызсыз несие беру жоспарланғанын жеткізді.

Тег: грантЖООМамандықтүлектеруниверситет

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Неліктен қауіпті такси жүргізушілерін анықтап, жазалау қиын?

Неліктен қауіпті такси жүргізушілерін анықтап, жазалау қиын?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz