Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Тұрғын үйді тасқын су мен зілзаладан қалай қорғаймыз?

фото: ашық дереккөз

Тұрғын үйді тасқын су мен зілзаладан қалай қорғаймыз?

12.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазіргі таңда солтүстік пен батыс өңірді су алуда. Президент мұндай апат 80 жылдан бері болмағанын айтты. Төтенше жағдайлар министрлігінің деректеріне сүйенсек, тасқын басталғалы 100 мыңға жуық адам құтқарылған. Зардап шеккендер баспанасыз қалды, мүлкінен айырылып, малы қырылды. Жалпы шығын 200 млрд теңге шамасында болуы мүмкін. Алайда елімізде мұндай жағдайда сақтандыру міндетті емес. Қазақстанда міндетті сақтандыруды енгізу мүмкін бе, енгізілсе, механизмі қандай болуы керек? Қазір сізге егжей-тегжейлі түсіндіріп береміз!

Сарапшы Жантөреевтің сөзінше, елімізде халықты жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыруды енгізу мүмкіндігі соңғы жиырма жылда кезең-кезеңімен талқыланып келеді. Өткен жылы Түркияда болған жойқын жер сілкінісінен және осы жылдың басында Алматыда болған дүмпулерден кейін бұл мәселе қайта көтерілді. Мамандардың айтуы бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда дүниежүзілік институттарды тарта отырып, мүлікті міндетті сақтандыру бойынша зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бізге қазақстандық әлеуметтік-экономикалық және географиялық факторларды ескеретін үлгіні таңдау маңызды. Климаттық аймақтары әртүрлі үлкен мемлекетпіз, сондықтан барлық өңірде бірыңғай тариф енгізу әділ болмайды. Жер сілкінісі қаупі елдің оңтүстігі мен шығысы үшін өзекті болса, батыс, солтүстік және орталық үшін проблема – су тасқыны. Дегенмен, сақтандыру бағдарламасының ауқымдылығы халық үшін қолжетімді тарифтерді қамтамасыз ете алуы керек. Халықаралық тәжірибені ескере отырып, мұндай ірі іс-шараларды реттеуді құзырлы мемлекеттік органдар қолына алғаны жөн. Олар тиімділігін сараптайды, тәуекелдерді бағалайды және жалпы бағдарламаның саясатын айқындайды, – деп санайды сарапшы.

«Қазақстандықтар мүлік салығын төлейді. Сол мүлік салығының ішіне сақтандыру сомасын қосуға бола ма» деген сауалға сарапшы мұндай нұсқа тиімді емес деп жауап берді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Жылжымайтын мүлік салығы есептелетін кадастрлық құн нарықтық құннан айтарлықтай ерекшеленетін болса, сақтандыруды қамтамасыз ету үшін басқа квазисалықты енгізу тиімді болмайды. Себебі кейде ондаған есеге өседі, сондықтан залалды есептеген кезде жылжымайтын мүліктің шығынын өтемейді, – деді Нұржан Жантөреев.

Әдетте, тұрғын үйді міндетті сақтандырудың ортақ үлгісі адамның ең төменгі тұрғын үй қажеттілігін – шамамен 33 шаршы метр тұрғын үйді қамтиды. Алайда, адам баспанасыз қалады. Сонымен қатар, сарапшы мүлікті сақтандыру шарты сақтандыру жағдайы басталғаннан кейін де ұзартылуы мүмкін екенін атап өтті. Бұл қауіпті аймақтарда тұратын азаматтар үшін біршама қаржылай қауіпсіздікті қамтамасыз етуі мүмкін.

Тағы бір сарапшы, «Қазақстан сақтандырушылар қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Виталий Веревкинелімізде міндетті сақтандыруды енгізу тетігін анықтау кезінде әлеуметтік аспектіні шешу қажет деп есептейді.

Мысалы, көпбалалы ана, зейнетақыға әрең күн көріп жүрген зейнеткерлер, халықтың әлеуметтік осал бөлігінің өкілдері міндетті сақтандыруға қарсы болады, өйткені олар үшін бұл – қосымша қаржылай ауыртпалық. Әрине, бұл олардың ашуын туғызады, – дейді Виталий Веревкин Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, сақтандыруға жататын төтенше жағдай ықтималдығы жоғары аймақтарда сақтандыру құны да қымбат болуы мүмкін. Соған қарамастан, сіз денсаулығыңыз бен өміріңізге толық жауапкершілікпен қарау арқылы ғана өзіңізге және болашаққа сенімді бола аласыз. Сақтандыруды өзіне және жақын адамдарының өміріне жауапкершілікпен қараудың көрінісі ретінде қарастыруға болады.

Тағы бір жайт, биыл мұндай алапат су тасқыны болады деп ешкім болжаған жоқ және бұрын-соңды су баспаған елді мекендер де зардап шекті, – дейді сарапшы.

Сондай-ақ, оның сөзінше, бұл проблеманың түйткілді жағы бар: тұрғын үй құжаттары дұрыс рәсімделе бермейді. Кейбір азамат оған немқұрайлы қарайды.

Әлі күнге дейін көбінің құжаты жоқ, үй иесі кім екені белгісіз, шекарасы шегеленбеген, баспана жоспары жоқ. Яғни, тұрғын үй базасы жоқ. Мәселе иесінің құжаттары мен құқығын дұрыс рәсімдеуге мән бермегенінде. Сондықтан мұнда міндетті сақтандыру шарттарын жасасуды міндеттеу қиын, – деп атап өтті Виталий Веревкин.

Бірақ сарапшының айтуынша, міндетті сақтандыру мәселесіндегі басты нәрсе – азаматтардың ынтасы жоқ.

Әрине, мұндай оқиғалар орын алғанда, бірінші кезекте зардап шеккендер бар ма, жоқ болса, шығынды қалай өтеуге болады деген сұрақ туындайды. Содан кейін бәрінің есіне сақтандыру түседі. Ал, екі аптадан кейін бәрі сақтандыруды ұмыта бастайды. Сол себепті адамдарды сақтандыруға қалай ынталандыру керек деген үлкен мәселеге айналып отыр, – деп түйіндеді маман.

Қорытындылай келе сарапшылардың ойымен бөлісейік. Олардың айтуынша, әлемнің әртүрлі елінде белгілі бір табиғи апаттан кейін, адам қайтыс болып, қаржылай шығынға батқаннан кейін жылжымайтын мүлікті міндетті сақтандыру енгізілген. Сол себепті қазақстандықтардың халықаралық тәжірибені ескере отырып, мүлікті міндетті сақтандыруды біртіндеп енгізуіне жақсы мүмкіндік бар.

Тег: Жер сілкінісісақтандырусу басутұрғын үй

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Неліктен отандық жеміс-жидек сырттан әкелетін өнімнен қымбат?

Неліктен отандық жеміс-жидек сырттан әкелетін өнімнен қымбат?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz