Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Түркістанда мұғалімдер электронды журнал толтыру үшін тауға шығып жүр

Түркістанда мұғалімдер электронды журнал толтыру үшін тауға шығып жүр

15.09.2023
Жаңалықтар, Жаңа Қазақстан
17
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының Аққұм ауылының мұғалімдері интернетке қосыламыз деп тау-тасты жағалап жүр, деп хабарлады Kaskelen.kz

OTYRAR хабарлағандай, тіпті мектеп оқушылары информатика сабағын теориялық түрде ғана оқып жүр. 

“Компьютерді интернетсіз ашу мүмкін емес. Сондықтан облыс орталығынан жиі сөгіс аламыз. Мектептің өзінде интернет бар, бірақ айына 10 гигабайт қана бөлінеді. Бұл алғашқы үш күнде-ақ таусылып қалады”, – деді информатика пәнінің мұғалімі Алмас Сарман.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Мектеп директоры тапсырма бергеннен кейін мұғалімдер интернет іздеп кетеді. Ұстаздар бұл әдіспен екі жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын айтты. Олар жол жиегінде ноутбукпен тұрып электронды журналдарын толтыратын көрінеді. 

“Кейде достарымыз жұмыс істейтін кафеге барамыз. Бірақ адамдар ол жерде ішімдік ішіп, шу шығарады. Бұрышқа отырып, жұмыс жасаймыз. Біз тоқсан сайын есеп беріп тұруымыз керек. Кейде түнгі он екі, бірге дейін отырамыз. Балаларымызға көңіл бөлуге уақыт жоқ. Аққұм мұғалімдері сыған сияқты, жұмыс уақытында демалып жүр деп келекелейді. Бірақ бізде күлуге мүлдем уақыт жоқ”, – деді бастауыш сынып мұғалімі Құралай Қожабергенова.

Жергілікті билік бұл жағдайдан хабардар. Ауылда спутниктік станция орнатылған. Мәселені шешу үшін 45 метрлік мұнара орнату керек. Тіпті демеуші де табылған. Бірақ ұялы байланыс операторымен келісу мүмкін болмаған.

«Қазір МЖӘ 2.0 бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Министрлік тарапынан оптика жүргізіледі. Осы жылдың соңына дейін немесе келесі жылы оптика төсеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Осыдан кейін базалық станция жұмысының сапасы жақсарады деп үміттенеміз», — деді Қазығұрт аудандық әкімдігі бөлімінің бас инспекторы Ерсайын Нұрлыбек.

Тег: ИнтернеткаскеленкзТүркістан

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматы облысында ер адам әйел мен екі баласын өлтіріп, өртеп жіберген

Алматы облысында ер адам әйел мен екі баласын өлтіріп, өртеп жіберген

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz