Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз кімнен көмек сұрау керек?

фото: EYEEM

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз кімнен көмек сұрау керек?

27.02.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
31
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Өкінішке орай, соңғы жылдары тұрмыстық зорлық-зомбылық жайлы деректер көбейіп кетті. Осы уақытқа дейін жасырып келген әйелдер қауымы енді төзуден бас тартқан көрінеді. 2023 жылы құрбан болғандар санын еске түсірсек, жанымыз түршігеді. Енді бұның алдын алу үшін қандай шаралар қолданылған? Ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау­мен шұғылданатын маман­дардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді.

Бас прокуратура Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішевтің мәліметінше, жыл сайын тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан 80-ге жуық әйел көз жұмады. 150-ге жуық әйел – ауыр, 200-ге жуық әйел – орташа, 4 мыңға жуық әйел жеңіл жарақат алады. Сондай-ақ осы мәселеге байланысты полицияға жыл сайын 300 өтініш келіп түседі.

2024 жылғы 31 қаңтарда Мәжіліс “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді жұмысқа алды. Құжат отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін қылмыстық жауапкершілікті қатаңдатуды көздейді. Осы орайда тұрмыста зорлық-зомбылық көрсеңіз, қайда хабарласып көмек алуға болатынын түсіндіреміз.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қандай түрлері бар? 

Психолог Лаура Сүйіндіктің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың күш көрсету, психологиялық қысым жасау, жыныстық зорлық жасау және экономикалық қысым көрсету секілді түрлері болады. Дәлірек:

  • күш көрсету зорлық-зомбылығы – қара күш қолдану арқылы денеге әртүрлі деңгейдегі жарақат салу;
    психологиялық зорлық-зомбылық – адамға қорқыту, қорлау және бопсалау арқылы психологиялық қысым жасау, сана-сезімінің бұзылуына әкелетін әрекеттер арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту;
  • жыныстық зорлық-зомбылық – жыныстық еркіндікке қауіп төндіретін іс-әрекеттер арқылы зорлық-зомбылық көрсету. Сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсету;
    экономикалық зорлық-зомбылық – адамды баспана, тамақ, киім, мүлік және қаражатынан айыру.

Лаура Сүйіндік зорлық-зомбылықтың қай түрі болмасын, әйел адамға күтпей әрекет ету қажет екенін айтады. Себебі абьюзер өзін кешіретінін немесе қылмысының салдары болмайтынын білген кезде қол көтеруді жалғастыра береді.

“Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне келгенде өлетін күнді күтіп отыра берудің қажеті жоқ. Өйткені зорлықтың қай түрі болмасын, ересектерге де, балаларға да қауіпті. Түбінде жақсылыққа алып келмейді. Әрине, бұл мәселенің астарында “отбасылық сценарий” секілді ауыр мәселе жатыр. Дегенмен әйел адам қазір зорлық-зомбылық пен қысым көріп жатқан ортадан кетпейінше, жарасы жазылмайды. Мұндайда өзі дүниеге келген отбасы мен жақындарының қолдауы аса пайдалы. Өйткені зорлық-зомбылық құрбандары өзін қорғайтын адам жоқ болғандықтан, осылай көніп жүре береді”, – деді Лаура Мұхамбетжанқызы.

Жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбы­лыққа қатысты жазаны қатайтуды толық қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол нақты қабылданған шаралар мен өзгерістерді атады:

Енді әйелдер мен балаларға жасал­ған зорлық-зомбылыққа қатыс­ты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысады. Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау­мен шұғылданатын маман­дардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді.

Былтыр шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес.

Тұр­мыстық зорлық-зомбылық жаса­ған­дарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді.
Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды.

Мәжілістің бір топ депутаты тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес­тің жаңа әрі тиімді шараларын қарастыратын заң жобасын әзірледі.

Заң жобасында қандай өзекті мәселелер қарастырылған?

Парламент сенатының депутаты Жанна Асанова “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында қандай өзекті мәселелер қарастырылғанын айтып берді.

“Заң жобасын алдыңғы және қазіргі мәжіліс депутаттары, құқық қорғау органдары өкілдері, бас прокуратура, мемлекеттік және ерікті заңгерлер, бала құқығы бойынша уәкілдермен және тағы басқа азаматтардан құралған жұмыс тобы әзірледі. Егер бүгінде тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылса, заң жобасы мақұлданған соң ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру ретінде қарастырылып, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. Сондай-ақ, осы кінәлі азаматтарды қылмыстық құқық бұзушылар қатарына жатқызу, тараптардың татуласуына жол бермеу және балаларға қатысты барлық зорлық-зомбылық түріне жазаны қатайту ұсынылды. Бұдан өзге отбасыларды қолдау және психологиялық көмек көрсету орталықтарын ашу, агрессорлармен арнайы жұмыс істейтін қылмыстық кодексте бөлек бағыт ашу бар. Шарасыз қалған әйелдер паналайтын орталықтар санын көбейту, барды кеңейту мәселелері қарастырылған”, – деді Жанна Ассанова.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болсаңыз не істеу керек?

Бірінші – 102 телефоны арқылы полицияға хабарласу

Qamqor порталы арқылы өтініш беріп, 102 нөміріне хабарласып, полиция көмегіне жүгініңіз. Полицейлерді оқиға болған жерге шақыруға және олардан сот-медициналық сараптамаға бағыттауын сұрауға құқығыңыз бар.

Екінші – 103 нөміріне хабарласып, жедел жәрдем шақыру

Жедел жәрдем мамандары полиция қызметкерлерін шақырады. Кейін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны арыз жазады.

Үшінші – Дағдарыс орталығына немесе баспанаға бару

Елде балаларға, жастарға және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына ұшыраған адамдарға көмектесетін “150” ұлттық сенім телефоны бар. Бұдан бөлек дағдарыс орталықтары мен арнайы баспаналарға тікелей хабарласуға болады.

Төртінші – 111 нөмірі арқылы көмек сұрау

Бұл байланыс орталығының қызметі мемлекеттік деңгейде ұйымдастырылады. Басты мақсаты мен міндеті – балалар мен әйелдердің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету. Хабарласқан адамның жеке басының мәліметтерін құпия сақтайды.

 

Тег: заңбұзушылықТұрмыстық зорлық-зомбылық

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде көпбалалы отбасыларға қандай жеңілдіктер берілмек?

Елімізде көпбалалы отбасыларға қандай жеңілдіктер берілмек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz