Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты”: Өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленген әнші жан сырымен бөлісті

фото: https://www.instagram.com/rinat_shamshyrak

“Туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты”: Өзінен 6 жас үлкен әйелге үйленген әнші жан сырымен бөлісті

15.01.2024
Жаңалықтар
1k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жақында шаңырақ көтерген танымал әнші Ринат Шамшырақ өзінен 6 жас үлкен, бір баласы бар келіншекті жар еткен кезде кедергіге тап болғанын жасырмады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Жұлдызды weekend” бағдарламасына сілтеме жасап.

Әншінің тойында жасалған беташар рәсімі де сынға қалған еді.

“Аружанмен үнемі бірге жүрдік. Екеуміздің саламыз бір болғасын жиі кездесеміз, сырласамыз. Жақсы дос болып араластық. Қыз бен жігіт болып жүре бастағанда бәрі әңгіме ете бастады. Тіпті біздің үйдегілер де қызығушылық танытты. Бірақ анам әйелімнің менен үлкен екенін, тұрмыста болғанын, баласы барын білмеді. Кейін “үйге әкел, Жаңа жылды бірге тойлайық” деді. Ауылдан қайтқаннан кейін ауылдағылар зерттеп қызыққан. Аружанның парақшасын тауып, анама көрсеткен. Ол жерде ұлымен түскен фотолар да бар. Содан туысқандар арасында әңгіме басталды. Анам басқаша көзқараста болды. Анам “сенен үлкен ғой, болашағың алда” деді. Мен жарайды дей салдым. Сөйтіп туысқандар күнде хабарласып ренішін айтты. Туысқан ағаларыммен бірге өнерде ақыл сұрап, кеңесетін аға-әпкелерім “өзіңнен үлкен қыз керек емес” деп ақылын айтты. Тығырыққа тіреліп, басымның қатқаны рас. Өте қиын кезең болды”, – деп еске алды әнші.

Оның айтуынша, сол екі ортада денсаулығы сыр беріп, күрделі ота жасатуға тура келген.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

“Күн сайын бір туысқаным хабарласып, ақыл айтатын. Анамның да көзқарасын өзгертіп қойған. Ол оқиға менің денсаулығыма да әсер етті ме деп ойлаймын. Бір күні қатты ауырып, ауруханаға түстім. Күрделі ота жасалды. Туысқандардан тығылып Аружан да келіп жүрді. Неше түрлі тамақ пісіріп әкелетін. Туысқандардың сөзінен кейін әлеуметтік желіге де кіре алмай қалдым. Бір туысқан ағам “басқа қызбен сөйлессең, тез ұмыта аласың” деп ақыл айтты. Өзім әйеліме “адам боламын, ешкімге көз салмаймын” деп уәде бергенмін. Бірақ ата-анамның батасын алмай, ешқандай қадам жасай алмадым. Мен үшін бірінші орында ата-анамның разылығы. Сөйтіп алдымнан шыққан басқа қыздармен сөйлесе бастадым. Бәрібір Аружанды ұмыта алмадым”, – деді ол.

Еске сала кетейік, өнер иесінің тойындағы беташар рәсімі сынға қалғанын жазған едік.

Тег: әншібеташарРинат Шамшырақтой

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Алматыда дене шынықтыру мұғалімі оқушыны ұрып-соқты деп айыпталуда

Алматыда дене шынықтыру мұғалімі оқушыны ұрып-соқты деп айыпталуда

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz