Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу еліміздің экономикасына әсер етіп, шығын келтіруі мүмкін бе деген сұраққа ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Вице-министрдің сөзінше, уақыт белдеуің өзгеруі бизнеске айтарлықтай шығын келтірмейді.
“Сауда министрлігіндегі әріптестеріміз бұл мәселені егжей-тегжейлі қарап жатыр, олар талдау жүргізді. Бұл сұраққа сол әріптестеріміз толығырақ жауап бере алады деп ойлаймын. Бизнес үшін айтарлықтай шығын болмайды деп есептейміз. Керісінше, тұтынушылар тарапынан уақытқа байланысты кедергілер болуы мүмкін.
Ал, еліміздің барлық өңірінде жұмыс күні бір уақытта басталса, бизнесте оң нәтиже болады. Ал мемлекеттік қызметтерді алуға байланысты барлық рәсімдер бір уақытта басталып, бір уақытта аяқталады.
Жалпы, бизнес үшін пайдалы тұстары бар деп ойлаймын”,- деді вице-министр.