Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру кезінде жіберілген бұзушылықтарды тексеруде. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
“Біз ҰҚК-мен өте тығыз жұмыс істейміз, өздеріңіз білетіндей, тест тапсырмалары мен олардың мазмұны “мемлекеттік құпиялар” туралы заңның объектілері болып табылады. Сондықтан мұнда ҰҚК тергеу жүргізіп жатыр. Биыл барлық өңірлерде ҰҚК департаменттері тікелей бақылауды жүзеге асырды. Біздің ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен жұмыс істеді”, – деді Саясат Нұрбек үкімет аясында.
Оның айтуынша, бірнеше жүздеген бұзушылықтар анықталды, нақты саны әлі нақтылануда.
“Осы жағдайлардың әрқайсысы бойынша ҰҚК және ұлттық тестілеу орталығының өкілдерімен бірлесіп қосымша тергеу жүргізіледі. Егер ақпарат расталса, онда ұпайлар жойылады. Егер грант болып тұрса, ол да жойылады және болашақта қайта бөлінеді. Қыркүйек айында қосымша нақтылау болады. Осы тергеу қорытындысы бойынша ұлттық тестілеу орталығы ресми мәлімдеме жасайды”, – деп уәде берді министр.
Естеріңізге сала кетейік, 365 талапкерден смартфондар мен көмекші құралдардың тәркіленуімен байланысты ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды.