Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған”: Атырау тұрғыны әншіден балалы болғанын айтты

фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасы

“Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған”: Атырау тұрғыны әншіден балалы болғанын айтты

15.11.2023
Жаңалықтар
1.1k
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Атырау тұрғыны Нұргүл Зиханова қазақ эстрадасының әншісі Бейбіт Қорғанмен өте жақын қарым-қатынаста болғанын айтып, одан ұлы бар екенін жасырмады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы “Астарлы ақиқат” бағдарламасына сілтеме жасап.

Келіншектің айтуы бойынша, осыдан бес жыл бұрын әншімен Атырау қаласындағы караоке-барда танысқан.

“2018 жылы қараша айында Атыраудағы караокеде достарымызбен жиналдық. Екінші қабатта отырғанбыз, Бейбіт бірінші қабатта болды. Құрбым ол кісімен нөмер алмасқанын айтты. Кейін басқа кафеге тамақтануға шығып кеттік. Сол жерде құрбым: “Бейбіт Қорған қонақүйге шақырып жатыр” деді. Танымал әнші болғасын және әндерін жақсы көргендіктен құрбыммен еріп баруға келісімімді бердім. Ол кезде сағат таңғы 5-6-ның шамасы болатын. Мен ол кезде сөйлеспедім. Тек екеуінің әңгімесін тыңдап отырдым. Олар ішімдік ішіп отырды, мен екі рет сыра ғана іштім”, – деп еске алды Нұргүл.

Кейін құрбысы мен Бейбіт Қорған сөзге келіп, құрбысы ашуланып кетіп қалған. Соңында қонақ үйдегі шығындарды әнші өзі төлеген көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

06.12.2023
“Үш ай ғана араластық”: Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы сыр шертті (видео)

“Үш ай ғана араластық”: Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы сыр шертті (видео)

06.12.2023

“Бір ай өткеннен кейін Бейбіт жаңажылдық кешке ән айтуға келді. Сол кезде мені қаладағы “Қазақстан” қонақүйіне шақырды. Достарымен отыр екен мені “қарындасым” деп сол жердегілерге таныстырды. Менде бірден төсекке секіру ой болған жоқ. Телефон нөмерімізді алмастырып, бірнеше рет кездестік”, – дейді Нұргүл.

Оның айтуы бойынша, әншінің заңды әйелі мен балалары барын білген.

“Атыраудың тумасы болғаннан кейін, өмірі де өнері де жақсы таныс. Отбасылы адам екенін де білдім. Жақындасу кезінде де өз еркіммен берілген жоқпын. Нөмеріне барудағы мақсатым – тек әңгіме айтып, танысу. Маған мінезі қатты, бірбеткей еркектер ұнайтын. Бейбіт те көңілімнен шықты. Өзім де ұнаттым,” – деп шынын айтты.

Нұргүл Зиханованың негізгі мамандығы – аспаз. Бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемеген. Кейін фотограф болып жұмыс істеген. Әйел әншіге жүкті екенін айтқан, ол “өзің біл” деп жауап берген. Әйелдің айтуынша, баланың денсаулығында ақау бар. Ол “балаға жәрдем берсе екен, өзіме ештеңе керек емес”, – дейді.

“Жүкті екенімді айттым, бірақ ол алдырып таста, менікі емес” деп айтқан жоқ. Бұзылған телефонымда екеуара сөйлескен хаттарымыз болатын. “Тыныш жүр. Ешкім біліп қоймасын” деп жазған еді. Ұлым Әлиханның туабітті бүйрегі дұрыс істемейді. Баланың диагнозын бәрін жібердім. Бірақ ол көп хабарласа берме деді”, – дейді Нұргүл.

“Ондай адамды танымаймын. Екінің бірі солай айтты деп, жүгіріп ДНҚ сараптамасын тапсырмаймын. Сіздер де жөнсіз менің мазамды ала бермеңіздер”, – деді өнер иесі тұтқаның ар жағынан.

 

Тег: Астарлы ақиқатБасты жаңалықтарБейбіт Қорған

Ұқсас материалдар

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласы белгілі болды

06.12.2023

Асу Алмабаев 2024 жылы UFC промоушеніндегі екінші жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы First Round Management ұйымының Instagram-дағы ресми парақшасына...

“Үш ай ғана араластық”: Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы сыр шертті (видео)

“Үш ай ғана араластық”: Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы сыр шертті (видео)

06.12.2023

Танымал актер Тәуекел Мүсілім алғаш рет әкесі туралы сыр шертті. Актердің бала кезінде ата-анасы ажырасып кеткен, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Мотивациялық...

Мемлекетке 86 млрд теңгеден астам шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі ұсталды

Мемлекетке 86 млрд теңгеден астам шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесі ұсталды

06.12.2023

Бас прокуратура Қазақстаннан қашып кеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың тағы бір мүшесін Сербиядан экстрадициялады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. 2023 жылдың 18...

“Ақтық сапарға театрдан емес, мешіттен аттанды”: Бекжан Тұрыс досы Асқар Наймантаевтың жаназасы туралы айтты

“Ақтық сапарға театрдан емес, мешіттен аттанды”: Бекжан Тұрыс досы Асқар Наймантаевтың жаназасы туралы айтты

06.12.2023

Танымал актер Бекжан Тұрыс ұзақ уақыт созылмалы дертпен күресіп, дүниеден өткен құрдасы, әріптесі Асқар Наймантаев туралы естелік жазды, деп хабарлайды...

Келесі
Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді міндеттеуін ұсынды

Ринат Зайытов министрлер мен әкімдердің ұлдарын әскерге жіберуді міндеттеуін ұсынды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz