Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жамбыл облысындағы мектепте анасына ескертпей 12 жасар қызға түсік жасатқан

фото: ашық дереккөз

Жамбыл облысындағы мектепте анасына ескертпей 12 жасар қызға түсік жасатқан

22.11.2023
Жаңалықтар
140
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жамбыл облысында білім бөлімінің басшылары 12 жасар оқушының жүктілігін бір жыл бойы жасырып келген, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы 31-арнасына Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Мектеп әкімшілігі Жаңатас қаласындағы жағдайды жасыру мақсатында қыздың анасына ескертпей, оған түсік жасатқан. Қазір 7-сыныптағы жасөспірімге азғындық жасады деген күдікпен аудандық мәслихат депутатының күйеуі тұтқынға алынды. Полиция қылмысты дер кезінде хабарламаған білім саласының қызметкерлеріне қатысты іс қозғады.

12 жасар қызды ұзақ уақыт 55 жастағы ер адам жыныстық қарым-қатынасқа итермелеген. Телефон сыйлап, алдап, оқушыға ойына келгенін істеген көрінеді. Ақыры жүкті болып, анасына бар шындықты айтуға бел буған. Күдікті азамат қызды қорқытып, ешкімге айтпауын талап еткен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Керек жоқ, оның байланысы мықты. Әйелі депутат. Балабақшада меңгеруші болып істейді” деп жылады. Маған қызым жүкті екенін тек жаңа жылдың қарсаңында айтты. Жүктілік мерзімі шамамен алты айлық”, – деді анасы Мәриям Смадиярова.

Жалғызбасты әйел қызының жүктілігін мектеп басшылары да жасыруға тырысқанын айтады. Қыз мектеп-интернатта жатып оқыған. Жүктіліктің алты айлығында оқушыны білім ошағының қызметкерлері Жаңатастан Қаратау қаласына алып кеткен.

“Маған түсік жасататынын айтқан жоқ. Олар түсіктен бұрын толғақ шақыратын дәрі берген. Мен білмедім. Тек түнде қызым түсік жасатқызғаны туралы хат жазып жіберіпті. Сүті тарауы үшін омырауын шарфпен буып, үйге әкеліп тастады. Бірақ бұл түсік ешқандай құзырлы органдарында тіркелмеген. Жасырын түсік жасатудың жолын тапқандар жеке гинеколог жалдаған екен.

Білім бөлімінің басшысы күдікті балабақшада күзетші болып істегенін айтады.

“Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Сондықтан ешнәрсе айта алмаймын. Оқиға болғаны рас. Айгөйлек мемлекеттік балабақшасында күзетші болып жұмыс істеген. Қазір полиция департаменті бұл айтылғандарды тергеумен дәлелденгенін жеткізді. Жетінші сыныптағы жеткіншекке азғындық жасаған күдікті қамауға алынды. Сондай-ақ осы іске қатысы бар білім бөлімінің қызметкерлерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған”, – деді Сарысу ауданы білім бөлімінің басшысы Ілияс Баймағамбетов.

“Тергеу барысында жыныстық қатынас салдарынан 2022 жылы жүкті болғаны анықталды. Алайда жүктілік дерегі мектеп басшылығымен жасырылған, тиісті органдарға хабарлаусыз түсік жасалған. Айыпталушының кінәсі дәлелденіп, қамаққа алынды. Іс сотқа жіберілді. Мектеп басшылығына қатысты ҚК 434 бабы “Қылмыс туралы хабарламау” туралы іс тіркелді”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Алмаз Саламатов.

Тег: Жамбыл облысыЗорлық зомбылықмектеп

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Отбасы банк еліміздің екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылмақ

Отбасы банк еліміздің екінші деңгейлі банктер жүйесінен шығарылмақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz