«Кеш YOU» тобының экс-әншісі Балжан Бидаш және актер-продюсер Жаһан Отарғалиев осыдан 3 ай бұрын ажырасқан еді. Әнші экс-күйеуімен ажырасу себебін Harper’s BAZAAR Kazakhstan басылымына берген сұхбатында айтты, деп жазады kaskelen.kz.
Балжан Бидаштың айтуынша, өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию, аздық етеді. Ең бастысы жүрек тыныштығы керек екен.
“Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында, ортамызды суытты”, – деді ол.
Сондай-ақ, ажырасқандары туралы бірінші Жаһан Отарғалиев жариялағанда қандай сезімде болғанын жеткізді. Айтуынша, бұл видео ешқандай эмоция тудырмаған. Себебі дәл сол сәтті оған бәрібір болған.
“Жаһанның қызба мінезді екенін білемін. Кейіннен сол ісіне өкініп қалғандай болды. Негізі Жаһан өте мейірімді адам, сенімді дос, алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын жан”.
Отбасылық өмірде үйренгені көп екенін айтқан Балжан Бидаш еш өкінбейтінін жеткізді. Тұрмыста болғанында түсінгені – әйелдің ішкі және сыртқы бейнесі ер адамға байланысты екен.
“Ол тірлікке икемді ме жоқ па, бұл бастысы емес, бастысы бірі біріне деген қолдауы. Әйел күйеуінің қолдауының, махаббатының арқасында нәзіктікте жүру керек. Айтпағым, ол пысық па, жоқ па, тірлікке ебі бар ма, өзіне қалай қарайды маңыздысы ол емес”, – деген Балжан тұрмыста түйгенімен бөлісті.
Айтуынша, қайта қосылулары мүмкін емес. Себебі екеуінің табиғаты екі бөлек. Жаһанның кешірім сұрауы да басқаша екен. Өзінің адамы екенін түсінген. Тіпті екі жаққа кеткеннен кейін дос болып сөйлесіп те жүрген. Сол аралықта Жаһан қайта қосылуға ұсыныс білдіргенімен, Балжан келіспеген.
“Айырылысқанымызға 3 айдан асты. Бастапқы екі ай өте қиын болды. Жұмысқа бірден кірісіп, алдануға тырыстым. Қанша дегенмен, бауыр басып үлгердім. Сағыну болды. Бірақ уақыт тез өтіп кетті. Жаратушыдан да қолдау сездім. Соңғы нүктеге өзім шешім қабылдағандықтан «қолыңмен істегенді, мойныңмен көтер» деген жауапкершілік болды”, – деп түйді ол.