Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жаңа оқу жылында студенттердің жатақхана мәселесі шешіледі ме?

фото: pixabay.com

Жаңа оқу жылында студенттердің жатақхана мәселесі шешіледі ме?

04.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
5
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жатақхана құрылысына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

«2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап Заңның нормасы күшіне енді, онда жоғары оқу орнына қабылданған барлық білім алушыларды жатақханалармен қамтамасыз ету көзделген. 2023-2029 жылдарға арналған Жоғары білімді және ғылымды дамыту тұжырымдамасына сәйкес жыл сайын 10 мың жатақхана орнын қосу ескерілген», – делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Мысалы, 2018-2023 жылдары 50 966 орындық 211 жатақхана, оның ішінде 34 296 орынға арналған 128 жатақхана жоғары оқу орындарының студенттері үшін, 16 670 орындық 83 жатақхана колледж студенттеріне тапсырылды.

2024 жылға арналған жоспарда 10 576 орынға есептелген 27 жатақхананы пайдалануға беру қарастырылды. Соның арасында ЖОО студенттеріне 8 473 орын (19 жатақхана), Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттеріне 2 103 орын (8 жатақхана) ескерілген.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Студенттік жатақханаларда орын тапшылығы мәселесін шешу мақсатында Министрлік тиісті шешімдер қабылдады. ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 30 қарашадағы бекітілген Әлеуметтік саладағы мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасын асыру үшін студенттік жатақханалар салу бойынша бағдарламалық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу бойынша жұмыс атқарылып отыр. Министрлік Алматы және Астана қалаларындағы мемлекеттік ЖОО-лардың жатақханаға арналған ғимараттарын реконструкциялауға қатысты мәселелерді пысықтады. Реконструкциялау барысында мемлекеттік тапсырыстың мөлшерін жылына 1 орын үшін 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайту жолымен мемлекеттік тапсырыстың қолданыстағы тетігін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін «ҚазҰУ-град» және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті үшін «ЕҰУ-град» салу мәселесі пысықталып отыр», – деп аталып өткен комитет ақпаратында.

Тег: жатақханастудент

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Жалақыдан ұсталатын салық азаяды: Бұл өзгеріс кімдерге қатысты?

Жалақыдан ұсталатын салық азаяды: Бұл өзгеріс кімдерге қатысты?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz