Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында көлік саласында қанша техника тапшы екенін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.
«Жол саласында ірі жобалардың іске асуы және жаңа жоғары санатты жолдардың пайда болуы, тиісті көлемде жол құрылыс техникасының болуын талап етеді. Бүгінгі таңда салада 6 мың 800 техникаға қажеттілік бар. Оның 5 мың 700-і — жаңадан басталатын құрылыстарға қажетті техника. Ал жолды күтіп ұстау нормативіне жеткізу үшін 1 мың 93 техника қажет», — деді ол.
Марат Қарабаев бұл мәселені түбегейлі шешу үшін Құрылыс және өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп жол салатын техниканы Қазақстан аумағында оқшауландыру жүргізіліп жатқанын айтты.