Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жол сапасын жасанды интеллект арқылы анықтауға болады ма?

фото: pixabay.com

Жол сапасын жасанды интеллект арқылы анықтауға болады ма?

25.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстандағы жолдардың жәй-жапсарын жасанды интеллект арқылы білуге болады. Ұлттық сапа орталығы ойлап тапқан SRDS бағдарламасы трассадағы 8 ақауды анықтайды. Демек, асфальт жабындысының беріктігі мен ой-шұқыры туралы автоматты түрде ақпарат жинауға мүмкіндік бар. Осыған ұқсас жүйе Америка мен Еуропада кеңінен пайдаланылады. Ал, орталық Азияда алғаш болып ақылды құрылғыға ие болған Қазақстан ғана, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Бұрын инженерлер 100 шақырым жолдың сапасына диагностика жасау үшін төрт күн жоғалтатын. Қазір бұл іс төрт сағатта бітеді.

Айналасы бейнекамерағы толы көліктер жолдың кедір-бұдырын бірден сезеді. Ал, жасанды интеллект бірнеше миллисекундта ақаудың көлемі мен координатын шығарады. Құрылғының артықшылығы көп орынды қажет етпейтінінде. Инженерлер оны кез-келген көлікке жарты сағатта орнататын көрінеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

— Жүріс датчиктері бар. Бұл жолдың нақты шақырымын көрсетеді. Кейін көлденең немесе тегіс екенін анықтайтын жаднамаға сол ақпаратты жібереді. Ал, осының бәрін жасанды интеллект біріктіреді. Құрылғының басты құралы бейнекамералар. Ол жолдағы ақауларды анықтайды. Тоқетерін айтқанда қосымша датчиктердің бәрі осы камераның көмекшісі, -дейді «жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК инженерлері.

Әзірге қолда бар камераның түсіру көлемі аз. Бір ғана жолақты қамти алады. Бағдарлама іске қосылғанда көлік те жылдамдығын азайтуы керек.

Жасанды интеллект SRDS-ке көрші елдерден құдап түсіп жатқандар көп. Әсересі бұл жүйеге ресейлік инженерлер әуес. Патент ұлттық сапа орталығының еншісінде болғандықтан қызыққандар келіп сатып алуда. Ал, мұндай құрылғы еліміздің 16 өңірінде бар. Олар 2 айда 14 000 шақырым жолға маниторинг жүргізген.

— Әр аймақтың өз мониторингтік алаңдары бар. Біз соларды орталық базадан өңдеп, 100 метр сайын ақаулар бар-жоғын тексеріп шығамыз. Бұрын әрбір белгіні өз қолымызбен сызып шығатынбыз. Инженер кейбір сәттерді байқамай қалуы да мүмкін еді. Ал, бұл жүйе арқылы тәуекелдер азайды. Оның үстіне адами фактр аз болғандықтан, жемқорлыққа жол берілмейді, -дейді орталық сарапшылары.

Жалпы, еліміздегі жол құрылысында жаңа технологиялар кең етек алып келеді. SRDS соның айқын дәлелі. Енді отандық IT мамандар асфальт жабынын ғана емес, әрбір қабатына дейін маниторинг жүргізе алатын жүйе құрастыруға кіріскен. Әзірге әлемде ондай бағдарлама жоқ

Тег: Жасанды интеллектЖИжол

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін қандай жаңа талаптар енгізілді?

Алматыда балалар алаңы мен автотұрақ үшін қандай жаңа талаптар енгізілді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz