Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс”: Депутат тарих оқулықтарын қайта жазып шығуды ұсынды

фото: ашық дереккөз

“Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс”: Депутат тарих оқулықтарын қайта жазып шығуды ұсынды

11.01.2024
Жаңалықтар
33
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында жаңа көптомдықтың негізінде Қазақстан тарихы оқулығын қайта жазып шығуды ұсынды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ол өз сөзінде қазіргі оқулықтарда мемлекет құруға аз көңіл бөлінетінін түсіндірді. Бұған қоса депутат мектеп бағдарламасында қазақ хандары Жошыдан тарайтынын баса айту керектігін мәлімдеді.

“Биыл аяқталатын Қазақстан тарихының көп томдығы Жошы ұлысына қатысты тың деректерді ұсынады деп үміттенеміз. Мектеп оқулықтары осы көптомдық негізінде қайта жазылғаны абзал. Онда Жошының қазақ хандарының атасы екені баса айтылуы тиіс. Сонымен қатар оқулықтарға қазақ мемлекеттілігінің бастаулары туралы да соңғы деректер енгізу керек. Мәселен тарихи Талас құрылтайы өткен, Жетісу мен Сыр арасында құрылған Моғолстан мемлекетіне 6-7 сыныпқа арналған оқулықта 1 параграф, ал 10-сыныпқа арналған оқулықта 4-5 жол ғана арналған. Ал осы Моғолстан жерінде, Шу бойында Қазақ хандығының негізі қаланғаны белгілі, – деді Қыдырәлі.

Депутат биыл Жошы ұлысына 800 жыл толатынын негізге ала отырып, Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойыны Жошы ханды насихаттауға үлкен мүмкіндік екенін қосып өткен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Еске сала кетейік, бұған дейін өткен ұлттық құрылтайда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тарихына тоқталып, жеті томдық ауқымды жинаққа қатысты тапсырма берген. Өз сөзінде мемлекет басшысы дамыған мемлекеттің бәрі толық зерттелген төл шежіресін дәріптеуге айрықша мән беретінін атап өткен еді.

Тег: Қазақстан тарихымектепМинистроқулық

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшылары компаниясы тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын айтты

"West Oil Software" компаниясы ереуілге шыққан жұмысшыларын қызметінен босатпақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz