Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері елімізде қандай ауру түрлері мүлдем тіркелген жоқ?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері елімізде қандай ауру түрлері мүлдем тіркелген жоқ?

22.07.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Биылғы 6 айда халық арасында 23 ауру түрі — нозология, оның ішінде тырысқақ, күйдіргі, іш сүзегі, сіреспе, дифтерия, құтыру дерттері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зәуре Ахметова хабарлады.

Оның айтуынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 26 инфекциялық аурумен сырқаттану төмендеді. Оның ішінде бруцеллез 27%-ға, сальмонеллез – 18%-ға, сірлі менингит – 2,5 есеге төмендеді.

«Жаз кезеңі кенелердің жандануына байланысты аурудың өсуімен сипатталады. Республиканың 4 өңірінде – Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының аумағында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының табиғи ошақтары бар. Жыл сайын өңірлердің әкімдіктері мен аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттері Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен (КҚГҚ) сырқаттанудың алдын алу мақсатында көктемде кенеге қарсы іс-шаралар өткізеді. КҚГҚ бойынша қолайсыз елді мекендердің айналасында санитариялық-қорғау аймақтары, буферлік аймақтар құрылады, ауыл шаруашылығы жануарларын кенеге қарсы өңдеу және мал қораларын өңдеу жүргізіледі.

Соңғы 6 айдың қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда тұрғындардың Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттануы 43%-ға төмендегені байқалады”, – деді ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасы.

Биылғы сәуір айынан бастап Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының 16 жағдайы тіркелді, оның ішінде 7 жағдай Түркістан, Қызылорда облыстарында және 2 жағдай Шымкент қаласында болған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«10 жағдайда науқас адамдар мал бағуға қатысқан, 5 жағдайда науқастарды кене шаққан, 1 жағдайда науқас эндемиялық аймақта табиғатқа шыққан. Биыл 2 адам аурудан қайтыс болды, 8 науқас емделіп жатыр, қалған науқастар сауығып шықты, байланыста болған 115 адам медициналық бақылауда», – деді З. Ахметова.

Тег: ауру

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда LRT, BRT және метро құрылысы қалай жүріп жатыр?

Алматыда LRT, BRT және метро құрылысы қалай жүріп жатыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz