Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың адамды қамтып, жалпы 10,4 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылға АӘК төлеуге 132,9 млрд теңге көлемінде бюджет қарастырылған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

АӘК – тек ақшалай қолдау емес. Оның негізгі мақсаты — отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Бұл үшін еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіп ашуға грант беру және біліктілікті арттыру шаралары қарастырылған.

«АӘК-нің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару», — делінген министрлік хабарламасында.

АӘК келесі бағыттарды қамтиды:

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025
Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

27.05.2025
  • Табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

  • Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Мәселен, биылғы 1 мамырға дейін 74,4 мың балаға 1,4 млрд теңге көлемінде төлем берілген;

  • Жұмысқа орналастыру, кәсіп бастауға грант беру, оқыту және басқа да шаралар арқылы отбасыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

АӘК тағайындауға өтінішті азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына, ауыл әкімдеріне немесе egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады», — деп нақтылайды министрлік.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде белгіленген. Бұл шек өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауы тиіс.

Тег: АӘК

Ұқсас материалдар

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

Жұмыс беруші арыз жазуға мәжбүрлесе не істеу керек?

27.05.2025

Кейбір жұмыс берушілер қызметкерлерді «өз еркімен» жұмыстан шығуға мәжбүрлеп, еңбек заңнамасын өрескел бұзып жатады. Мұндай жағдайда көпшілік құқықтық сауатсыздықтан амалсыз...

Антикор қанша млрд теңгені негізсіз пайдаланудан сақтап қала алды?

Антикор қанша млрд теңгені негізсіз пайдаланудан сақтап қала алды?

27.05.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуды жүзеге асыру тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты көздейтін...

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына қанша теңге қарызы бар?

Қазақстандықтардың микроқаржы ұйымдарына қанша теңге қарызы бар?

27.05.2025

Қазақстан экономикасындағы жалпы кредиттік берешек көлемі 2025 жылдың 1 сәуірінде 42,8 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп...

Келесі
Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz