Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері қанша адам кәсіпорында қаза тапты?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері қанша адам кәсіпорында қаза тапты?

25.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
24
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Елімізде жұмыс орнында жарақат алып, қаза табу көрсеткіші 31% көбейген, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Қор қызметінің негізгі бағыты – еңбек адамының құқығын қорғау, отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін арттыру. Ресми статистика осы жылдың алғашқы 4 айында қазақстандық кәсіпорындарда 496 жұмысшы жарақаттанып, 59 адам қаза тапқанын көрсеткен. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 31,1% артық.

«Біздің міндетіміз – азаматтың құқығы мен мүддесін қорғау, жұмысшы мен жұмыс беруші арасында конструктивті диалог орнату, салалық ҮЕҰ-мен, кәсіподақтармен келелі келіссөз жүргізу. Біз өз қызметімізде «Қоғамдық бақылау туралы» заңның барлық мүмкіндіктерін пайдаланамыз. Бұл бізге өзекті проблемаларды анықтауға, оны шешуге, мемлекеттік басқаруға қатысып, атқарушы билік пен жұмыс берушілердің іс-әрекетінің ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», -деді қор директоры Дана Рысмұхамедова.

Қоғамдық қор қазақстандықтар арасында ауқымды сауалнама жүргізіп, әр аймақ тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді анықтаған. Сауалнама нәтижесі қордың іс-әрекеттер жоспарына негіз болды. Еңбек құқығын қорғаудан бөлек, қазақстандықтар өмір сапасын арттыруды, кедейлікпен күресуді, билік органдарының әрекетіне бақылау орнатуды қалайды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осыдан екі жыл бұрын өндірісте жарақаттануды азайту мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлерді даярлау талаптары күшейтілгенін мәлімдеген. Сол уақыттан бері өндірістегі жазатайым оқиға мен жарақаттары азайды ма? «ҚазЦинк және Қарметтегі» проблемалар, «Қазақмыс» пен «Майқайың алтындағы» оқиғалар отандық кәсіпорындардағы еңбек қауіпсіздігін күшейту керектігін көрсетіп отыр, сол себепті әлеуметтік бақылауды күшейту керек. Біз Төтенше жағдай министрлігіне қарасты Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментімен бірлесе кәсіпорындарға кіріп, ондағы еңбек қауіпсіздігінің сақталуын қадағалауды жоспарлап отырмыз», – деді қордың Ұлытау облысы бойынша өкілдік жетекшісі, кенші Шәмші Хамзе.

Тег: жұмыскәсіпорын

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Елімізде салықтар мен міндетті төлемдердің саны қысқарады ма?

Елімізде салықтар мен міндетті төлемдердің саны қысқарады ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz