Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында дәрі-дәрмектің бағасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
«Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерімен байланысты баға өсуін күтіп отырған жоқпыз. Сондықтан дәрі-дәрмек бағасы жыл аяғына дейін өсе ме, жоқ па, оны айтуға дайын емеспіз», – деді ведомство басшысы.
Оның сөзінше, дәрі-дәрмектің бағасы да елдегі экономикалық ахуалға тәуелді.
«Өйткені бөлшек сауда нарығы бәсекелі орта болып есептеледі. Яғни, министрлік бұл нарықты толықтай реттей алмайды», – деді Ақмарал Әлназарова.