Қазақстандық әртіс Әли Оқапов Instagram парақшасында оқырмандарымен бір өкінішті оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Әнші 8 қазанда пост жариялады.
“Есеюде бір ұнамайтыны – кішкентай кезіңде үлгі тұтқан адамың өскенде көңіліңді қалдыратыны. Сен өзіңе елестеген дүние ойлағаныңдай болмай шығатыны өкінішті.
Жақында жасы үлкен әртіспен өте жағымсыз әңгіме болды, ол ересек өнер шеберлерінің даналығы мен биіктігі туралы стереотипті бұзды. Өкінішті, бәлкім маған тез есейіп, адамдардан бір нәрсені күтуді доғаруым керек шығар. Адамдар әртүрлі және олар әрқашан экранға қарап олар туралы ойлағандай бола бермейді” , – деп жазды Әли Оқапов.
Комментаторлар Роза Рымбаеваның ұлына қолдау көрсетті:
- Даналық жас пен шаштың ағаруымен берілмейді, даналық санада.
- Өмірде әлі талай “шеберлерді” кездестіресіз. Барлығын жүрекке жақын қабылдамаңыз.
- Осы жағдайға байланысты есеюге асықпаңыз.
- Жарайсыз, адамдарда жасырын дүниені көре алғаныңыз өте жақсы!
- Ең бастысы, сіз өзіңіз аты алтын әріппен жазылған адам болып қала беріңіз!
- Кейде, өкінішке орай, кәрілік даналықсыз келеді.