Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Зорлық кабинетте болғаны рас”: Адвокат полиция басқармасы бастығының ісін растады

фото: ашық дереккөз

“Зорлық кабинетте болғаны рас”: Адвокат полиция басқармасы бастығының ісін растады

15.11.2023
Жаңалықтар
190
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Талдықорғандағы полиция басқармасы бастығының кабинетінде зорланған қыздың адвокаты оқиғаның мән-жайын айтып берді. Ол Марат Күштібаевтың 27 жастағы әйелді зорлағанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті деп отыр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Адвокат Нұрлан Молбаевқа жәбірленуші жексенбіде хабарласқанын айтқан. Оқиғаның қалай болғанын айтып құқықтық көмек сұраған. Осыдан кейін ол басқарма бастығының басынғанын айтып, дереу ішкі істер министрлігінің қауіпсіздік қызметіне шағымданған.

Айналдырған бірер сағат ішінде бастықтың кабинетіне тінту жасалып, айғақтар анықталған. Сараптама да жасалды.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Ал жәбірленушінің қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция бөлімшесіне жеткізілгенін адвокат жоққа шығарып отыр. 27 жастағы жәбірленушіні тыныштықты бұзған басқа адамға қарсы шағым жаздыру үшін басқармаға әкелген екен. Бірақ бастық күш қолданып, оны өз кабинетінде зорлаған. Қазір ауыр айып тағылған Марат Күштібаев тергеу абақтысында отыр. Осы қылмысқа қатысты тергеу ішкі істер министрінің тікелей бақылауында.

“Кабинетті қарап, тінткен кезде барлық айғақ зат алынды. Сараптама да жасалды. Күдікті қамауда отыр. Ал менің қорғауымдағы жәбірленуші ешқандай заң бұзбаған. Хаттама да толтырылмады. Керсінше, оған басқа адамның қоғамдық тыныштықты бұзғаны үшін полиция қызметкерлері “арыз жаз” деп өтініш білдірген. Ал ол бас тартқан. Зорлықтың кабинетте болғаны рас”, – деді адвокат Нұрлан Молбаев.

Еске сала кетейік, Талдықорған қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Күштібаев қыз зорлады деген күдікпен ұсталған еді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2-бөлігі “Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау” бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тег: Зорлық зомбылықМарат КүштібаевполицияТалдықорған

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
“Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған”: Атырау тұрғыны әншіден балалы болғанын айтты

"Ұлымның әкесі – Бейбіт Қорған": Атырау тұрғыны әншіден балалы болғанын айтты

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz