Алматыда 33 жастағы кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) бокстан жарыста бақ сынады, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Ол жапониялық Акихиро Кондомен (37-12-2, 21 КО) кездесіп, екі нұсқа бойынша чемпион атанды.
Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылып, 118:110, 120:108, 118:110 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді.
Жанқош Тұраров жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын сенімді қорғап қалды, бұған қоса вакантты WBA Gold титулын жеңіп алды.