Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Арманым орындалды”. Тоқаев әкесімен аттас астаналық оқушыға сыйлық берді (видео)

фото: akorda.kz

“Арманым орындалды”. Тоқаев әкесімен аттас астаналық оқушыға сыйлық берді (видео)

24.12.2023
Жаңалықтар
237
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Астаналық Кемел Жүсіпов есімді оқушыға президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолтаңбасы мен тілегін жазылған кітап сыйлады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Бұл туралы оқушы Instagram парақшасында айтты. Бала өз туған күнінде Президентке хат жазған.

“Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, менің атым сіздің әкеңіздің атындай – Кемел. Бүгін менің туған күнім және осыдан тура 12 жыл бұрын ата-анам маған осы есімді қойған. Мен Астанада тұрамын. Қазақстан тарихын, дүниежүзі тарихын және географияны жақсы көріп, оқимын. Әртүрлі елдің банкноттары мен тиындарын жинағанды ұнатамын. Саяхаттауды жақсы көремін, бүгінде әлемнің төрт елінде болдым.

Мен бүкіл әлемді аралауды армандаймын. Менің әрбір сапарым жаңа таныстыққа толы. Сізді көріп, сөйлесіп, қолтаңбаңызбен “Әке туралы ой-толғауыңызды” сыйлық ретінде алуды армандаймын. Сіз менің хатымды оқиды және арманым орындалады деп сенемін”, – деп жазды жасөспірім.

Баланың сөзінше, 21 желтоқсанда оның арманы орындалған. Ол анасымен бірге президент әкімшілігіне шақырылып, сыйлыққа кітап алды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Кемел Жүсіповке өмірде ақ жол тілейміз! Азамат бол!”, – деп жазған мемлекет басшысы.

Бала сыйлық үшін ел президентіне алғысын білдірді.

“Президент менің хатымды оқыды. Маған сыйлық ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолтаңбасы мен тілегі жазылған кітап берді. Менің арманым орындалды, мен оған әлі де сенбеймін. Сізге көп рақмет”, – деп ризашылығын білдірді бала.

Тег: Қасым-жомарт Тоқаевоқушысыйлық

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ күйде көз жұмды (видео)

Жетісу облысында ауруханаға ауырып барған үш бала жұмбақ күйде көз жұмды (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz