Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды”: әнші Салтанат Бақаева отбасы туралы шындықты айтты

“Бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды”: әнші Салтанат Бақаева отбасы туралы шындықты айтты

09.01.2024
Жаңалықтар, Жаңа Қазақстан
292
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“Арнау” тобының солисі, актриса Салтанат Бақаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтып, “1001 түн” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесінің айтуынша көпшілік болмысын енесіне ұқсататын көрінеді.

“Біз ата-енемен тұратын отбасымыз. Өнер адамы болғаннан кейін үй шаруасына үлгермей жатамын. Қазір көмекшім жоқ. Кезінде көмекшім болған. Кейде тамақ пісіруге үлгермегендіктен енем пісіреді, кейде көмекшім істейді. Енем балаларыма қарап, көмектесіп тұрады. Енеме рахмет ретінде сыйлық беремін, әңгімелерін тыңдаймын. Махаббатты міндетті түрде сыйлықпен ғана білдіру міндет емес. Енем де өнерден алыс емес. Ән айтады, қолөнерді жақсы көреді. Өзімді енеме ұқсатамын, мұны көпшілік те жиі айтады. Бізде де қиын кезең болды. Одан да өттік, шүкір. Бір-бірімізге сыйластығымыз арта береді”, – деді актриса.

Сонымен қатар әнші бөлек шығу  туралы ойын да ашық айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Біздің әулетте бөлек тұру деген әңгіме қозғалмайды. Өйткені жолдасым жалғыз ұл әрі үйдің кенжесі. Үй алып, жөндеу жұмыстары кезінде бөлек тұрып көрдік. Бірақ маған қиын болды. Себебі гастролдік сапарым көп. Балаларды қараусыз қалдыра алмайсың. Ата-енем болғанда алаңсыз кете беруші едім. Сондай сәтте кемшін тұстар білініп қалады. Жолдасым – кәсіпкер, оның тіпті қолы тимейді. Сондықтан, ата-енемен бірге тұруды қолдайтын келіндердің бірімін” – деп шынын жасырмады әнші.

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Өте көп алдайтын”: Алматы облысында өгей қызын азаптады деп айыпталған асыраушы мән-жайды түсіндірді

"Өте көп алдайтын": Алматы облысында өгей қызын азаптады деп айыпталған асыраушы мән-жайды түсіндірді

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz