ҚР Энергетика министрлігі Бұйрық күшіне енген күннен бастап алты ай мерзімге автомобильмен және темір жол көлігімен сұйытылған газды әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұйрықтың жобасы “Ашық НҚА” порталында ашық талқылану үшін жарияланды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді, соның салдарынан халықтың және көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың отынның осы түріне тез ауысуы байқалады.
Мәселен, 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті. Сонымен қатар, 2023 жылдың 6 айында тұтыну өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 000 тоннаны құрады.
Ішкі нарық қажеттілігі кезінде маусымға байланысты айына 130-140 мың тонна көлемінде (әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес) ҚР Энергетика министрлігі жеткізу жоспары шеңберінде 120-130 000 тонна немесе сұраныстың 90% бөледі. Өндіруші зауыттардың жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары кезеңінде ішкі нарықтың сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін өтемеу 15-25% құрайды.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған газдың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, оны экспорттауға тыйым салуды енгізу жоспарлануда.
Бұған дейін ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы №347 бұйрығымен үш жыл мерзімге автомобиль көлігімен экспортқа тыйым салынды.