Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде сұйытылған мұнай газының экспортына тыйым салынбақ

фото: gov.kz

Елімізде сұйытылған мұнай газының экспортына тыйым салынбақ

10.08.2023
Өзекті
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

ҚР Энергетика министрлігі Бұйрық күшіне енген күннен бастап алты ай мерзімге автомобильмен және темір жол көлігімен сұйытылған газды әкетуге тыйым салу туралы бұйрықтың жобасын әзірледі. Қазіргі уақытта бұйрықтың жобасы “Ашық НҚА” порталында ашық талқылану үшін жарияланды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өздеріңіз білетіндей, Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бөлшек сауда бағаларын мемлекеттік реттеу енгізілді, соның салдарынан халықтың және көптеген өнеркәсіптік кәсіпорындардың отынның осы түріне тез ауысуы байқалады.

Мәселен, 2022 жылы ішкі нарықта тұтыну 2021 жылмен салыстырғанда 28%-ға өсті. Сонымен қатар, 2023 жылдың 6 айында тұтыну өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 100 000 тоннаны құрады.

Сізге ұнауы мүмкін

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

25.09.2023
Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

23.09.2023

Ішкі нарық қажеттілігі кезінде маусымға байланысты айына 130-140 мың тонна көлемінде (әкімдіктердің өтініштеріне сәйкес) ҚР Энергетика министрлігі жеткізу жоспары шеңберінде 120-130 000 тонна немесе сұраныстың 90% бөледі. Өндіруші зауыттардың жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу жұмыстары кезеңінде ішкі нарықтың сұйытылған мұнай газына деген қажеттілігін өтемеу 15-25% құрайды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде және Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған газдың әлеуметтік маңыздылығын назарға ала отырып, оны экспорттауға тыйым салуды енгізу жоспарлануда.

Бұған дейін ҚР Энергетика министрінің 2020 жылғы 7 қазандағы №347 бұйрығымен үш жыл мерзімге автомобиль көлігімен экспортқа тыйым салынды.

Тег: сұйытылған мұнай газыэкспорт

Ұқсас материалдар

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

25.09.2023

"Кітап-Amanat" жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. Келесі күні партияның...

Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

23.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Гауез Нұрмұхамбетовты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. "Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы Солтүстік Қазақстан...

“Жігіттермен төбелесіп қалған”: танымал композитор Арман Қайназаров қайтыс болды

“Жігіттермен төбелесіп қалған”: танымал композитор Арман Қайназаров қайтыс болды

21.09.2023

Белгілі ақын, композитор Арман Қайназаров қайтыс болды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап. "Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы...

Неліктен теңге құлдырап жатыр?

Неліктен теңге құлдырап жатыр?

20.09.2023

Доллар бағамы 470 теңгеден асты. Ұлттық валюта өткен аптадан бері әлсіреуін жалғастыруда. Курстың қалыптасуына не әсер етеді және теңге аптаның...

Келесі
Тоқаев Екібастұзда көпбалалы ананың өтінішін орындауды тапсырды

Тоқаев Екібастұзда көпбалалы ананың өтінішін орындауды тапсырды

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz