Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда бір түн ішінде үш рет жер сілкінісі болды (видео)

фото: inbusiness.kz

Алматыда бір түн ішінде үш рет жер сілкінісі болды (видео)

23.01.2024
Жаңалықтар
330
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматыда қаңтардың 23-нен 24-не қараған түні 3 мәрте жер сілкінісі орын алды. Алматылықтар жер дүмпуінен кейін жаппай көшеге шықты. Төтенше жағдай департаменті жедел жиналыс өткізді, деп хабарлайды kaskelen.kz. Видеоны мына сілтеме арқылы көре аласыз.

“Сейсмикалық станциялар желісі “Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматы уақыты бойынша сағат 00:09:02-де жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан”, – деп мәлім етті төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Кейін Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев қалада тағы да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады. Оның сөзінше, зілзала магнитудасы 2-3 балл болған.

“Құрметті Алматы тұрғындары! Сағат 00:42-де “Сейсмикалық станциялар желісі “Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы” ЖШС қайталанған жер сілкінісін тіркеді. Магнитудасы – 2-3. Сіздерден сабыр сақтауды, қауіпсіз орындарда болуды, көшеде, ғимараттардан алыс жерлерде болуды сұраймыз. Қазіргі сәтте “112” дағдарыс орталығына Алматы қаласы бойынша ғимараттардың қирауы туралы ақпарат келіп түскен жоқ. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ”, – деді Атығаев.

Ведомство ақпаратына сәйкес, үшінші мәрте жерасты дүмпулері 05:19-да тіркелген.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 278 километр жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан.

МSK-64 шкаласы бойынша, Алматыда жер сілкінісі 2-3 балл секілді сезілген.

“Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті жергілікті атқарушы органдарды, полиция бөлімін, “Қазселқорғау”, прокуратура және басқа да ұйымдарды хабардар етті, сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдай нақтыланып жатыр, қираулар мен зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ”, – делінген хабарламада

Тег: алматыБасты жаңалықтарЖер сілкінісі

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алматыда жойқын жер сілкінісі күтіле ме – ТЖМ мәлімдеме жасады

Алматыда жойқын жер сілкінісі күтіле ме - ТЖМ мәлімдеме жасады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz