Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан елдегі өмір сүру сапасы бойынша нешінші орында?

фото: pixabay.com

Қазақстан елдегі өмір сүру сапасы бойынша нешінші орында?

07.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
162
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Өмір сапасын бағалайтын тәуелсіз аналитикалық портал рейтингінде Қазақстан 83 елдің ішінде 72-орында тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Ranking.kz порталына сілтеме жасап.

Биыл Қазақстан Numbeo.com порталының нұсқасы бойынша өмір сүру сапасы бойынша елдер рейтингінде 83 елдің ішінде 72-орынға ие болған.

2023 жылы Қазақстан 74-ші орында, 2022 жылы 76-шы орында тұрған.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Numbeo.com тәуелсіз аналитикалық порталының рейтингі өмір сүру құны, сатып алу қабілеті, қауіпсіздік, экология және әртүрлі әлеуметтік аспектілер бойынша деректер әсер ететін өмір сүру сапасының есептелген индексі негізінде жасалады.

Қазақстанда биыл өмір сапасының жалпы индексі 102-ні құраған. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанның сатып алу қабілеті төмен, баспана қымбат, экология нашар.

Сонымен қатар елімізде өмір сүру құны салыстырмалы түрде төмен, қауіпсіздік пен денсаулық сақтау орташа деңгейде.

Бұған қоса басылым Дүниежүзілік банк зерттеулерінің нәтижелеріне сілтеме жасап, қазақстандықтарға медициналық қызметтің қолжетімділігінен бастап көші-қонға дейінгі өмірдің әртүрлі салаларына қатысты 100-ге жуық сұрақ қойылғанын келтіреді.

“Биыл маусымдағы жағдай бойынша өз өміріне толық немесе ішінара қанағаттанған респонденттердің үлесі 96,5 пайызды құрады. Бір жыл ішінде ол 0,1 пайызға өзгерді. Қанағаттанбағандардың үлесі аз, небәрі 3,5 пайызды құрайды”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ “Сіз өз қалаңыздың, аймағыңыздың қазіргі экономикалық жағдайын қалай бағалайсыз?” деген сұраққа жауап бере отырып, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 50,6 пайызы “жақсы және өте жақсы жағдайда өмір сүріп жатырмыз” деп дауыс берген.

Өмір сапасы бойынша ұлттық іріктеу сауалнамалар Дүниежүзілік банк жобасының қорытындыларына жақын екені атап өтілді. Ұлттық статистика бюросының сауалнама нәтижелері бойынша биыл өз өміріне қанағаттанған немесе ішінара қанағаттанғандардың жалпы үлесі 99,8 пайызды құрады.

Оның ішінде 43,8 пайыз толық қанағаттанған. Порталдағы ақпаратқа сүйенсек, жалпы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 36,6 пайызы ғана отбасының экономикалық жағдайына, ал 34,8 пайызы материалдық жағдайына қанағаттанған.

Респонденттердің 52,5 пайызы тұрмыс жағдайына толық қанағаттанған.

Тег: өмір сапасырейтинг

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Елімізде талапкерлерге арналған қосымша қандай білім беру гранттары бар?

Елімізде талапкерлерге арналған қосымша қандай білім беру гранттары бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz