Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жаңа Салық кодексін қабылдау кейінге қалдырылды: азаматтар декларация тапсыруға міндетті ме?

фото: pixabay.com

Жаңа Салық кодексін қабылдау кейінге қалдырылды: азаматтар декларация тапсыруға міндетті ме?

03.09.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жаңа Салық кодексін қабылдау мерзімі кейінге қалдырылғаннан кейін желіде декларация тапсыру мерзімі де кейінге қалдырылуы мүмкін деген пікірлер пайда болды. Бірақ аталған өзгерістер оған әсер етпейді, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында жаңа Салық кодексінің жобасын қабылдауды келесі жылға дейін кейінге қалдыру қажеттігін айтты.

Тоқаевтың айтуынша, мұндай шешім қабылдауға асықпау керек. Сондай-ақ, президент үкімет пен парламентте жан-жақты талқылау жүргізуді тапсырды. Ол кодекс аясында бизнесті шынымен ынталандыратын салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру қажет екенін атап өтті.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Бұл декларацияны тапсыру мерзімі кейінге қалдырылады дегенді білдіре ме?

Естеріңізге сала кетейік, жалпыға бірдей декларациялау Қазақстанда 2021 жылы басталды – ҚР Салық кодексінің 71-тарауы “Жалпыға бірдей декларация” деген атпен күшіне енді. Бұл бағдарлама бірнеше кезеңнен тұрады.

Бағдарламаға кірген жылы әрбір жаңа қатысушы 250.00 нысанын, содан кейін жыл сайын 270.00 нысанын тапсырады.

2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін жеке кәсіпкерлер, құрылтайшылар мен заңды тұлғалардың басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары кірістер туралы декларация тапсыруы керек. Ал елдің барлық халқы 2025 жылы – соңғы төртінші кезеңде қамтылатын болады.

Яғни, жалпыға бірдей декларациялау бағдарламасы бұрын іске қосылған және ҚР Салық кодексінде бекітілген. Сондықтан жаңа кодекс жобасын қабылдау мерзімдерін кейінге қалдыру салық декларацияларын тапсыру мерзіміне әсер етпейді.

Осылайша, 15 қыркүйекке дейін бағдарламаның жаңа қатысушылары 250.00 нысанын, ал бағдарламаға кіретіндер 270.00 нысанын тапсыруы керек.

Тег: жалпыға бірдей декларациякодекссалық

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы бала саны қанша?

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы...

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

Елімізде түлектер кешіне қанша қаржы жұмсалады?

03.06.2025

Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау сыңғырлап, түлектер мектеппен қоштасуға дайындалып жатыр. Кеше ғана партада отырған бозбала мен бойжеткен бүгін сән салоны...

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

Балаларға арналған ұлттық ойындардың түрі қандай?

03.06.2025

Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан тамыр тартқан ұлттық ойындар қазіргі таңда балаларды тәрбиелеудің, тілін дамытудың, ой-өрісін кеңейтудің тиімді құралына айналды....

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

Әуе компаниялары балалармен ұшуға қандай талаптар мен жеңілдіктер ұсынады?

03.06.2025

Қазақстанда кәмелетке толмаған жолаушыларды ұшақпен тасымалдау ережелері нақтыланды. Көлік министрлігі ата-аналар мен әуе компанияларының назарын балаларды ұшыру кезіндегі басты талаптарға...

Келесі
Елімізде ер адамдар көп пе, әлде әйелдер ме?

Елімізде ер адамдар көп пе, әлде әйелдер ме?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz