Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
800-ден аса аққу өлген: Маңғыстауда қонақүйге қатысты тексеріс басталды

фото: Үстүрт мемлекеттік табиғи қорығы

800-ден аса аққу өлген: Маңғыстауда қонақүйге қатысты тексеріс басталды

10.01.2024
Өзекті
207
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Маңғыстау облысында 800-ден аса аққу өлгеннен кейін сарапшылар Қаракөлде ластаушы заттардың шамадан тыс көп екенін анықтап, қонақүйге қатысты тексеріс жүргізуді бастады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

Өткен жылдың аяғынан бері Маңғыстау облысындағы Қаракөлде 826 аққу өлген. Олардың өлексесі көлдің жағасынан табылды.

Экология министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қаракөл көліне түсетін су шығарындыларына мониторингтік зерттеулер жүргізу барысында ластаушы заттардың шамадан асып кеткені анықталғанын хабарлады.

Сізге ұнауы мүмкін

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

14.05.2024
Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

14.05.2024

Осы мәліметтер негізінде Rixos Aktau қонақүйіне қатысты жоспардан тыс тексеру басталды. Қазір құстардың өлімін тергеу жалғасып жатыр.

“Маңғыстау облысы экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау қызметкерлері Қаракөл көліне түсетін су шығарындыларына мониторингтік зерттеулер жүргізу барысында көлге төгілетін сулар бойынша ластаушы заттардың асып кеткенін анықтады. Осы мәліметтер негізінде Rixos Aktau жоспардан тыс тексеру басталды.

Заңбұзушыларға қатысты барлық тексеру шарасы аяқталғаннан кейін инспекторлық ден қоюдың тиісті шаралары қабылданады және әкімшілік істер қозғалады”, – деді ҚР ЭТРМ экологиялық бақылау және реттеу комитетінің төрағасы Жомарт Әлиев.

Экология вице-министрі Нұркен Шарбиев Қаракөлде аққулар мен олардың популяциясын бақылау күнделікті жүргізілетінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, былтырғы желтоқсанның аяғында Қарақия-Қаракөл табиғи қорығының инспекторлары өлген 30 аққуды тапқан еді. Кейін Қаракөл көлінде өлген аққулардың саны 600-ден асты. Бұл мәселені облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жиын барысында көтерген.

Тег: аққуМаңғыстау

Ұқсас материалдар

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

Неліктен қазақстандықтар университетке қарағанда балабақшаға көп ақша жұмсайды?

14.05.2024

Қазақстандықтардың білім беру қызметіне жұмсаған шығыны бір жылда 29,1 пайызға өсті. Олардың көпшілігі балабақша ақысын төлеуге жұмсалса, ал тең жартысы...

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

Қазақстанда жұмыссыздар саны қанша?

14.05.2024

2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жұмыссыздар саны 1,52 пайызға, яғни 6,8 мың адамға өсті, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі....

Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

14.05.2024

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе, оны төлемеу керек. Бірден несиені рәсімдеген банкті немесе қаржы ұйымын анықтап, оларға шағым жолдаған жөн. Толық...

Еліміздің барлық қалаларында дерлік тұрғын үй бағасы арзандады

Еліміздің барлық қалаларында дерлік тұрғын үй бағасы арзандады

10.05.2024

Сарапшылар сәуір айында Қазақстанның көптеген қаласында тұрғын үй бағасының төмендеуін тіркеді. Шаршы метрдің құны ең көп Алматыда бір айда 2,1...

Келесі
Банктен депозит ашқан кезде нені ескеру керек?

Банктен депозит ашқан кезде нені ескеру керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz