Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров үкімет отырысында “9-20-25” бағдарламасы бойынша өтініш бергендерге жауап қашан шығатынын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.
ҰЭМ басшысы жаңа тұрғын үй бағдарламасы 1 наурызда басталғанын еске салды.
“Бірінші күні-ақ бірнеше мың өтініш түсті, жұмыс қарқынды жүргізілуде. “Отбасы банк” жұмыс істеп жатыр. Мамыр айында алғашқы жауабы шығады деп ойлаймыз және бағдарламаны іске асыру сол кезде басталады”, – деді ол.
Осы орайда министр бағдарлама бір жылға ғана арналмағанын айтты.
“Бәйтерек” холдингі осы бағдарламаны одан әрі қолдауды жоспарлап отыр. Мен бұл салаға әлі де инвестиция тартуға болады деп ойлаймын. “Бәйтерек” холдингі арқылы біз осы мәселемен айналысамыз (бағдарламаны қаржыландыруды ұлғайту туралы – ред)”, – деп түйіндеді сөзін министр.