Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Айтпасаңдар, отырғызамыз” деді”: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталғандар туралы айтты

фото: ашық дереккөз

“Айтпасаңдар, отырғызамыз” деді”: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталғандар туралы айтты

30.12.2023
Жаңалықтар
332
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы өзімен бірге айыпталып жатқан төрт азаматқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Қазір “Алтын адам көрмесі” мен “Дипломат” қонақ үйіне қатысты істер біріктіріліп, жаңаша айыптау актісімен қаралуда.

Экс-министрден бөлек Абай Сатыбалдин, Леонид Кочетов, Алмас Нұразхан, Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова сынды азаматтар айыпталуда. Олар бұған дейін “Алтын адамның” әлем мұражайларындағы көрмесі бойынша 7 жылға сотталған-ды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Үкімі шығып қойған істің қазір “Дипломат” қонақ үйіне қатысты іспен неге біріктірілгені белгісіз. Айыпталушылар істің мән-жайын біліп-тануға уақыт аз деп шағымдануда. Сонымен қатар бүгін осы сот отырысын өткізуге тиіс судьяның қандай себеппен ауысқаны белгісіз.

“Қазір сот болып жатыр. Отырған жігіттердің ешқайсының кінәсі жоқ. Ешқандай қылмыс, ешқандай ізі де жоқ. Былайша айтқанда, ешқандай фактісі де жоқ. Бәріне “Мұхамедиұлына сыйлық апарып бердіңдер” деп айтыңдар деген. Барлығы “ондай болған жоқ” деп. Оларда намыс бар. “Айтпасаңдар, отырғызамыз” деді”, – дейді айыпталушы Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске сала кетейік, бір жылдан аса уақыт тергелген Арыстанбек Мұхамедиұлына сот үкімімен 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Артынша, өткен айдың аяғында оған “Дипломат” қонақ үйін рейдерлік жолмен тартып алды деген қосымша айып тағылды. Куәгерлер экс-шенеуніктің қылмысы туралы сотта түсініктеме бергенімен, Мұхамедиұлының өзі “жала жауып отыр” деген сөзінен танар емес.

Тег: Арыстанбек МұхамедиұлыБасты жаңалықтарқылмысполициясот

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Сөздерінде мағына жоқ”: Белгілі композитор жас әншілерді сынға алды

"Сөздерінде мағына жоқ": Белгілі композитор жас әншілерді сынға алды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz