Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алматыда автобус апаты неге жиілеп кетті?

фото: pixabay.com

Алматыда автобус апаты неге жиілеп кетті?

01.08.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматының қоғамдық көліктері соңғы 4 жылда мыңға жуық мәрте жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Еліміздің оңтүстік астанасында соңғы жылдары автобустың апатқа ұшырап, адамдардың қайтыс болу фактілері көбейді. Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметі бойынша, мегаполисте 4 жылда болған 920 жол-көлік оқиғасына қоғамдық көліктің қатысы бар.

  • 2021 жылы жалпы 264 ЖКО, қайтыс болғандар — 9; жарақат алғандар — 344.
  • 2022 жылы жалпы 208 ЖКО, қайтыс болғандар — 7; жарақат алғандар — 318.
  • 2023 жылы жалпы 314 ЖКО, қайтыс болғандар — 6; жарақат алғандар — 357.
  • 2024 жылдың 6 айында 134 ЖКО; қайтыс болғандар — 3; жарақат алғандар — 167.

Айтылған жол-көлік оқиғаларының ішінде халық арасында кеңінен резонанс тудырған мысалдарды еске алайық.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

2022 жылы 8 қараша күні Алматыда Төле би — Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысқан болатын. Жол апаты салдарынан 1 адам көз жұмып, 21 адам зардап шекті.

Бұл автобус апатына № 98 автобус жүргізушісі кінәлі деп танылып, ол 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

2023 жылы 22 желтоқсанда № 47-ші бағыттағы автобус жүргізушісін жолаушы ұрып, салдарынан көлік басқарусыз күйде аялдамада тұрған бір топ адамды басып кетті.

Апат салдарынан 7 адам зардап шегіп, 3 адам қайтыс болды.

Сот шешімімен жол апатына кінәлі деп табылған жолаушы Д. Ахметжанов 8 жылға сотталды.

2024 жылы 26 маусым күні № 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Бұл жол-көлік оқиғасына жеңіл көлікті басқарған «5:32» сериалының продюсері себепкер болғаны хабарланды.

Биыл 16 шілде күні жүк көлігі аялдама кешенінде тоқтаған № 137 автобусты соғып, салдарынан 9 жолаушы зардап шекті.

Қалалық полиция департаменті қоғамдық көліктің жиі жол апатына ұшырауына жол ережесінің сақталмауы себеп болатынын жеткізді.

— Жол-көлік оқиғасы жол ережесін сақтамау салдарынан (жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, апаттық жағдайлар туындауы, арақашықтықты сақтамау, алкоголь немесе есірткі, психотропты заттар қабылдау, жол белгілеріне, бағдаршамның нұсқауына қарамау) болады. Автобус апатының алдын алу мақсатында Алматы қаласында республикалық және жергілікті деңгейде профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі, — деді қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар Алматы полициясы өткен аптада «Автобус» жедел алдын алу шарасын өткізілгенін хабарлады.

— Автокөлікпен жолаушы мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін арттыру, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің жұмыс істеуіне жол бермеу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді қолға алдық. Бұл жұмысқа мүдделі меморган өкілдері де, азаматтық қоғам да барынша атсалысуда, — деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі күні қалада 22 жеке тасымалдаушы мен бір коммуналдық автобус паркі қызмет көрсетеді. Күнделікті 2468 автобус жолға шығады.

Олардың қолданылу мерзімі 7 жылдан аспайды және орташа жасы — 3 жыл. Жалпы қалалық қоғамдық көлік 1,5 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетеді.

Соңғы 4 жылда жергілікті бюджет есебінен 1050 автобус және 100 троллейбус сатып алынған.

Алматы қаласының әкімдігі биыл қосымша 600 автобус, 100 электробус және 112 троллейбус жеткізілетінін хабарлайды.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін 400 жаңа автобус сатып алу жоспарланған.

Еске сала кетейік, 19 шілде күні Алматы мәслихатының шешімімен қоғамдық көлікте жол ақысы көтеріліп, қолма-қол төлем алып тасталды.

Тег: автобусжол апаты

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда ұн өнімдері қымбаттайды ма?

Қазақстанда ұн өнімдері қымбаттайды ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz