Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Анамның қарғысы”: Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты

фото: ашық дереккөз

“Анамның қарғысы”: Сәкен Майғазиев ата-аналарға өтініш айтты

19.01.2024
Жаңалықтар
186
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Әнші Сәкен Майғазиев қарғыс туралы сөз көтеріп, ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Жазбасында ол ашуланғанда балаларына қандай ауыр сөз айтатынына тоқталды.

“Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса, (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: “Ия, бұл әкең… бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган…”, деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, “Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр…”, деп “қарғайық”. Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік”, – деп кеңес айтты әнші.

Сонымен қатар эстрада жұлдызы жазба барысында қарғыстың қабыл болғаны туралы мысал келтірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“1984 жылдан бері бас имам міндетін атқарған әл-Судайс “Анамның “қарғысымен” имам болдым” деп еске алады: “Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып “Қағбаға имам болғыр, Судайс” дейтін. Анамның осы “қарғысы” маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым” деген екен. Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей”, – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары қарғыстың неше түрін жазып, тың мәліметтерді бөлісіп жатыр. “Келісемін, өте орынды жазыпсыз! Менің балам бастық десең, бастық болады. Ауыздан шыққан әр сөзіміз бен ойымыз дұға!”, “Менің енемнің қарғысы өте ауыр. “Өліп қалғыр, тумай қалғыр” деп айтады. Тіпті күнделікті сөзге айналды деуге болады”, “Мен бір апаны білем, баласына “жетпей желкең қиылып, жер жастаңғыр” деп айтатын. Бір емес бірнеше рет естідім. Қыршын кетті сол баласы” деп жазып жатыр әншінің тыңдарманы.

Еске сала кетейік, әнші сыртынан ғайбаттайтын адамдарды орнына қойғанын жазған едік.

Тег: ата-анақарғысСәкен Майғазиев

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай тегін дайындалуға болады?

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай тегін дайындалуға болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz