Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ата-аналардың қанша пайызы балаларының аккаунттарын бақылайды?

фото: Pixabay

Ата-аналардың қанша пайызы балаларының аккаунттарын бақылайды?

23.04.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
26
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ойын бизнесі туралы заң жобасы аясында елімізде букмекерлік кеңсеге тіркелу үшін адамның жасы 25-тен асу керек. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев  мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Оның сөзінше, құмар ойын дерті балалар мен жасөспірімдерді де шарпып отыр.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен 200 мыңға жуық кәмелет жасына толмаған бала басқа адамның атынан букмекерлік кеңселерге бәс тігіп, құмар ойындар ойнайды екен.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

«Ол балалардың өздерінің аккаунттары жоқ, яғни өзге аккаунттар арқылы ойнаған. Сондай-ақ бұл жасөспірімдер деректерді өзгертіп, яғни 21 жасқа толған адам ретінде ойынға қатысқан немесе ағасының және басқа туыстарының аккаунттарын пайдаланған. Бұл аккаунттарға QIWI Кошелек арқылы қаражат салып, ойындарын жүргізген. Сондықтан заң аясында букмекерлік кеңселерге аталған кошелектер арқылы қаражат толтыруға тыйым саламыз. Яғни, тек карта арқылы қаржы салуға болады. Енді букмекерлік кеңсеге тіркелу үшін жасы 25-тен асу керек және борышкерлер тізімінде аты-жөні болмауы қажет», – деді Е. Бейсенбаев Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау және әскери қызметкерлердің бәс тігуіне тыйым салу ескерілген. Заң жобасында букмекерлік кеңселерде бәс тігу, ақша алу және төлеу кезінде қатысушыларды бейне-биометрикалық идентификациядан өткізу міндеттеледі.

«Мұнымен қоса, жеке куәлік пен банк есеп-шотындағы мәліметтердің сәйкестігі тексеріледі. Тек осы мәліметтер сәйкес болған жағдайда ғана ойнауға рұқсат етіледі. Егер осы жүйеге қосылмаған букмекерлік кеңселер анықталса, олардың жұмысы заңсыз деп танылады», – деді депутат.

Сондай-ақ, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан елімізде ата-аналардың көбісі балаларының смартфондарын бақыламайтынын айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сәйкес, жасөспірімдер арасында лудомания дертінен емделіп жатқандар тіркелмеген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне қарағанда, лудомания – ол аурудың бір түрі. Онымен күресудің екі профилактикалық деңгейі бар. Біріншісі – жасөспірімдерге құмар ойынның кесірі туралы түсіндіру. Екіншіден, осыған шалдыққан балаларға қатысты психологиялық жұмыстарды жалғастыру ескерілген. Білім беру жүйесі бірінші деңгейде профилактиканы атқарады. 2023 жылы балалардың құмар ойындар мен компьютерлік ойындарға тәуелділігінен сақтауға қатысты арнайы жол картасы қабылданды. 2023 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулерге сәйкес, ата-аналардың тек 17 пайызы балаларының аккаунттарына бақылау жасайтын арнайы қосымшаларды орнатқан. Осы бағыттағы жұмысты күшейту үшін ата-аналарды қолдау орталықтары аясында оларды мектептерге шақырып, балалардың смартфонындағы аккаунттарды қадағалауға алу бойынша тәсілдер түсіндіріледі», – деді Е. Оспан.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев кейінгі екі жарым жылда еліміздің шамамен әрбір бесінші адамы құмар ойындарына қандай да бір қатысы бар деген дерек келтірді. Ал, оның ішінде 400 мыңдай адам ойынға салынып, букмекерлік кеңселер мен казинолардың тұрақты клиентіне айналған. Өзге адамның логинімен букмекерлік кеңселерге бәс тігуші адамдардың саны белгісіз.

Тег: ата-анабалалар

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Тұрғын үйді жалға алатын қазақстандықтарға нені төлемеуге болады?

Тұрғын үйді жалға алатын қазақстандықтарға нені төлемеуге болады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz