Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Банктер мобильді аударымдар комиссиясын қашан түсіреді

фото: pixabay.com

Банктер мобильді аударымдар комиссиясын қашан түсіреді

06.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов Сенаттағы дөңгелек үстелде банктер арасындағы мобильді аударым комиссиясы қашан түсетінін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Банктер арасындағы аударымдармен байланысты комиссия тарифтерін біріздендіруді ойластырып жатырсыздар ма? Өткенде айттым, «Халық банктен» 200 теңге аударылып кеткен ақшаны Kaspi bank қайтарып беру үшін 3600 теңге комиссия алады екен. Мен бұл әділетсіз деп ойлаймын. Комиссиялардың мәселесі өте салмақты, – деп сұрады сенатор Бекболат Орынбеков.

Берік Шолпанқұлов бұл Mastercard, Visa халықаралық жүйелерінің талабы екенін айтады.

– Қазір банктер арасындағы аударым транзакциялары Mastercard халықаралық төлем жүйесінің карталары арқылы жасалады. Солардың тариф саясаты қолданылып отыр. Өзіміз дайындаған мобильді аударымдардың Open API жүйесі туралы неге айтып отырмын? Өз банктеріміздің арасында осы жүйе арқылы аударым жасауға мүмкіндік туады. Осындай жағдайда комиссия тарифі жүйеге қатысатын банктерге байланысты болады. Осы тұрғыда тарифтер комитетін құрдық. Осылайша банктердің тарифтерін төмендету бағытында шешімдер қабылдаймыз. Өйткені арада үшінші ойыншы болмайды, – деді ол.

Ұлттық банк өкілі бұл жүйе мобильді аударымдар бойынша да, QR төлемдер бойынша да жұмыс істейтінін айтады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

– Қазір банктер арасындағы бүкіл аударымдар Mastercard, Visa халықаралық жүйелері арқылы өтіп жатыр. Олардың өз тариф саясаты бар. Дегенмен олар да биыл комиссия тарифін 3 пайыздан 1 пайызға дейін түсіріп отыр. Өз банктеріміз арасындағы аударым жүйесін іске қосқан сәтте-ақ, ол комиссия тарифтері құлайды, – деді Берік Шолпанқұлов.

 

Тег: комиссиямобильді аударым

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе не істеу керек?

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz