Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Болат Назарбаевқа тиесілі “Барыс-2” базарының жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

фото: saliqaly.kz

Болат Назарбаевқа тиесілі “Барыс-2” базарының жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды

18.01.2024
Жаңалықтар
46
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм інісі Болат Назарбаевқа тиесілі “Барыс-2” базарының жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды kaskelen.kz.

Жамбыл облысының прокуратурасы таратқан ақпаратқа сүйенсек, Болат Назарбаевпен үлестес Қордай ауданындағы базардың жерлері Жамбыл облысы прокуратурасының бастамасымен мемлекетке қайтарылған.

2004 жылы Қордай ауданы әкімдігінің және Қордай ауылдық округі әкімінің актілерімен Болат Назарбаевқа тиесілі “Қарасай БН-Тараз” ЖШС-ға “Барыс-2” сауда кешеніне қызмет көрсету үшін ауданы 34,3017 га учаске берілгені айтылады.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Прокуратура учаскені беру кезінде оның тәртібі бұзылғанын баса айтты. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы ерекше қорғалуға жататын ауданы 22,25 га суармалы егістік жерлердің бір бөлігі базарға қызмет көрсету үшін берілген.

Осыған байланысты аудан прокуратурасы аудан және ауылдық округ әкімдіктерінің актілерін, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және күшін жою туралы сотқа талап қою берілген.

“Жамбыл облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен “Қарасай БН-Тараз” ЖШС-мен Қордай ауданы әкімдігінің Жер қатынастары бөлімі арасындағы 24.07.2007 жылғы №81 және №82 жер учаскелерін сатып алу-сату, жер учаскелерін өтеусіз беру туралы “Қордай Инвест” ЖШС-ның барлық шарттары жарамсыз деп танылып, күштері жойылды”, – делінген ақпаратта.

Сот қаулысы 28.12.2023 жылы заңды күшіне енгені, жер учаскелеріне мемлекеттік актілердің күші жойылған.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі – Болат Әбішұлының қайтыс болды. Болат Әбішұлы 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген. Оны халық әуелі Қазақстанның тұңғыш перзиденті – Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі деп біледі.

Бұған дейін ол кейінгі 2 жыл бойы төсек тартып жатқан еді. Оған қант диабеті мен бүйрек жеткіліксіздігінің салдарынан асқынған көмей қатерлі ісігі диагнозы қойылған. 14 қарашада Шамалғанда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевтың жаназасы шығарылды.

Тег: базарБарыс-2Болат Назарбаев

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
“Сол қиындықты жолдасым көтере алмады”: Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

"Сол қиындықты жолдасым көтере алмады": Атырау облысында өзін өртеп жіберген ер адам көз жұмды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz