Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде орташа жалақыға қанша жанармай сатып алуға болады?

фото: pixabay.com

Елімізде орташа жалақыға қанша жанармай сатып алуға болады?

02.10.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда орташа айлық жалақыға 1,2 мың литр бензин сатып алуға болады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 2024 жылдың қаңтар–тамыз айларында Қазақстанда 3,5 миллион тонна мотор отыны өндірілген. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8%-ға көп. Өндірістің басым бөлігі үш негізгі облысқа — Шымкент, Атырау және Павлодар облыстарына тиесілі: тиісінше 1,3 млн, 1,2 млн және 980,4 мың тонна отын. Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары осы аймақтарда орналасқан.

Елдегі жанармай бағасына келетін болсақ, 2024 жылдың тамызында жылдық өсім 0,8%-ға тең. Бензиннің әрбір маркасы әртүрлі динамиканы көрсетті: АИ-98 маркасы бір жыл ішінде 13,1%-ға қымбаттады, АИ-95/АИ-96 – 5%-ға өсті, ал АИ-92 бағасы өзгеріссіз қалды. Өңірлер арасында бағаның ең жоғары өсуі Батыс Қазақстан облысында байқалды: 2,8%. Бензин бағасы 14 өңірде қымбаттады. Алматы облысында бағалар өткен жылдың тамыз айындағы деңгейде қалды. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстары мен Шымкентте жанармай бағасы біршама төмендеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Бұл ретте 2024 жылғы тамыздағы АИ-92 отынының орташа бағасы 202 теңгені, АИ – 95/АИ-96-254 теңгені, АИ – 98 – 292 теңгені құрады.

Numbeo деректеріне сәйкес, 2024 жылдың 27 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда орташа айлық жалақыға 1,2 мың литр бензин сатып алуға болады. Бұл көрсеткіш Бойынша Қазақстан әлемнің 97 елінің ішінде 32-ші орында. Қазақстан ТМД елдері арасында көшбасшы болып табылады. Мысалы, Ресейде бір айлық жалақыға 953 литр бензин сатып алуға болады, Әзірбайжанда – 702,9 литр, Беларуссияда – 696,4 литр, Өзбекстанда – 442,2 литр, Молдовада – 434,2 литр, Арменияда – 433,4 литр, Украинада – 301 литр.

ТМД елдерінің ішінде ең қымбат бензин Молдова мен Арменияда (литріне 1,4 доллар), Украинада (1,3 доллар) және Өзбекстанда (1 доллар) тіркелген. Ең арзан бензин Беларуссияда (0,7 доллар), Әзірбайжанда және Ресейде (0,6 доллар) сатылады. Қазақстанда жанармайдың бір литрі 0,5 доллар тұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстандағы автогаз құны жанармай бағасына теңестірілгені мәлім болған еді. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов 2025 жылы Қазақстанда газ бағасы қайтадан көтерілетінін айтты. Ол ел нарығында сұйытылған мұнай газының тапшылығы бар екенін растады. Өйткені автокөлік иелері арзан отынға белсенді түрде көшуде.

Тег: айлықжалақыЖанармай

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстандағы ең ірі банк қандай?

Қазақстандағы ең ірі банк қандай?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz