Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде пайдаланылған сапасыз заттарды сатқандарға жаза қарастырылмақ

фото: Shutterstock.com

Елімізде пайдаланылған сапасыз заттарды сатқандарға жаза қарастырылмақ

14.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда пайдаланылған заттарды сатуға қатысты жаңа нормаларды енгізу жайлы жұмыс топтарында талқыланып жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Еуразия” бірінші арнасы.

Елімізде пайдаланылған сапасыз тауарларды сатуға байланысты жауапкершілік қарастырылуы мүмкін.

“Сатушы тұтынушыға сатуға жариялаған тауары туралы толық ақпарат көрсеткенін қалаймыз. Мысалы үш күннен кейін сатып алынған көлік істен шығып, оны жөндеуге жарамсыз болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар өте көп.

Тіпті құрттаған диван сатып алынған кездер болған, біле білсеңіз. Оны сатып алған адам есінен алжаса жаздады. Кейін мен сатушыны іздеп таптым, бірақ қолымнан ештеңе келмеді”, – деді Ұлттық тұтынушылар лигасының басшысы Светлана Романовская.

Жаңа нормалар қашан енгізілетінін айтуға ерте – ұсынылған заң жобасы әлі қызу талқыда. Дегенмен мәселені шешуге бағытталған алғашқы қадамдар жасалған.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Сонымен қатар елімізде мұғалімдер мен қоғам белсенділері тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша арнайы оқулық әзірлеген. Жақында бұл пән еліміздің кейбір жоғары оқу орындарында енгізілмек.

“Бұны тек шетелде қалай жасалатынын емес, Қазақстанда да қалай жасалуы керегін көрсету керек еді. Бұл жас ерекшелігі мен оқу орнына қарамастан, тұтынушылық туралы жаппай білім болуы керек”, – деді оқулықты әзірлеуші, Жоғары заң мектебінің деканы Светлана Мороз.

Кейінгі бір жыл ішінде тұтынушылар құқығын қорғау лигасына жүгінген қазақстандықтар 336 миллион теңгеден астам қаржыны өндіріп ала алған. Ел тұрғындары көбіне сапасыз жабдыққа шағымданған, сондай-ақ ұялы байланыс операторларының қызметтеріне, оқу курстары мен әуе компанияларының ұсыныстарына наразылық білдірілген.

Еске сала кетейік, елімізде тұтынушылардың құқығын қорғау функциясы Сауда және интеграция министрлігіне жүктелген.

Үкіметтің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына сәйкес, ведомствода Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті құрылған еді. Комитеттің негізгі міндеті – тұтынушылардың құқығын қорғау саласында тұтас әрі тиімді саясатты қалыптастыру.

Оған мынадай міндеттер кіреді:

  • тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік органдар қызметінің салааралық координациясын жүзеге асыру;
  • тұтынушылардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
Тег: заңзаңбұзушылықСатушы

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда табысы туралы декларацияны қанша қазақстандық тапсыруы қажет?

Қазақстанда табысы туралы декларацияны қанша қазақстандық тапсыруы қажет?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz